Алматыда зейнеткер қымбатшылыққа байланысты наразылық білдірді

14.12.2019, 02:59

5

13 желтоқсанда Алматы тұрғыны Хиуаз Сазанбаева «Республика» алаңында қымбатшылыққа байланысты наразылық білдірді. 68 жастағы зейнеткер экономист болып 40 жыл еңбек еткен. Қазір 58 мың зейнетақы алады. "Қазіргідей қымбатшылық кезде мұндай ақшамен күн көру мүмкін емес" дейді.

— Күнде баға өседі, әлі үндемейміз. Неге қорқады? Бізді машинаға тығатын болғасын қорқады. Сондықтан шықпайды. Ал мен шықтым, мені-ақ мәшінеге апарып тықсыншы, мен-ақ айтайын бәрін. Мына бағаларды көріп тұрып үндемей қалу күнә болады. Халықтың бәрінің дәріге ақшасы жоқ, тамаққа ақшасы жоқ, үйлерінде қырқысып, балалары болса қаңғып кетті. Баға өсіру деген тонаудың бір түрі, — дейді зейнеткер.

Алаңда шамамен жарты сағат тұрған зейнеткерге ары-бері өткен кей тұрғындар тоқтап, мән-жайды сұрады. Алаңда полиция я әкімдік өкілдері көрінбеді. Сәлден кейін зейнеткер де кетіп қалды.

13 желтоқсанда таңертең Нұр-Сұлтанда өткен үкімет отырысында сауда және интеграция Бақыт Сұлтанов «азық-түліктің 66 түрі бойынша бағаның өскені байқалды, жергілікті атқару органдары бағаны ұстап тұру міндетін орындамай отыр» деп мәлімдеген. Ол әкімдерге бұл бойынша қосымша тапсырма берілгенін айтқан.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бір жыл ішінде ең қажетті азық-түлік түрлерінің бағасы 12 пайызға қымбаттаған. Қымбатшылық әсіресе Алматы (15 пайыз), Атырау (14,9 пайыз), Нұр-Сұлтан (14,2 пайыз) қатты білінген.

Оқи отырыңыз: «Нан орнына картоп жейміз». Ұн неге қымбаттады?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39