Алматыда жаңа мектептер мен балабақшалар ашылады
Алматы қаласында «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық жобасы» аясында атқарылып келе жатқан жұмыстар жөнінде осы уақытқа дейін жазып келдік.
Бірақ әлі алда осы жобаға сәйкес әлі де атқарылар жұмыстардың көп екенін жазамыз.
Бұған дейін «Қуатты өңірлер – ел дамуының ұлттық жобасы» аясында Бостандық, Наурызбай, Әуезов аудандарында емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың салынатынын аятқан болатынбыз. Бұл тұрғындар үшін басты жаңалық десек те болады.
Ал ендігі жаңалығымыз мегополистегі тұрғындардың өсуіне қатысты бірнеше ауданда 1 қыркүйек – Білім күніне орай жаңа мектептердің ашылатынын хабарлағымыз келеді. Қала әкімдігінің мәлімдемесіне сәйкес, ағымдағы жылы Бостандық ауданы мен Наурызбай аудандарында 1800 орындық екі мектеп ғимаратын сатып алады. Сондай-ақ оқу жылының басында жеке инвестициялардың көмегімен 3250 орындық алты мектеп ашылмақшы.
Одан бөлек 9 білім мекемелерінде сейсмикалық апаттарға қатысты күшейту мен күрделі жөндеулер жүргізілмекші. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылының басында №129 бен №166 мектептерде аяқталады. Ал №15 қалалық орта мектептің спорт алаңдарын жөндеуге қатысты жұмыстарға жергілікті қала бюджетінен 1 миллиард теңге бөлінгенін, әрі жөндеу жұмыстары оқу жылының басында аяқталуы жоспарда белгіленген.
Жоғарыда атап өткен Наурызбай ауданында ашылатын 2 жаңа мектепке тоқталсақ, мектептегі орын тапшылығына қатысты үш ауысымдық мектептерді азайту мақсатында қыркүйек айының біріне қарай, 2400 орындық екі жаңа мектеп ашу жоспарланған. Аталған жаңа мектептердің бірі Қалқаман ауданындағы 1800 орындық №206 мектеп болса, екіншісі, Қарғалы ықшамауданындағы 600 орындық «Заман» атты жекеменшік мектеп.
Сонымен қатар жылдың соңына дейін әлі де екі мектептің құрылысы аяқталатынын айта кеткен жөн. Ал бұл жаңа мектептердің бірі Шұғыла ықшамауданындағы «Алма Сити 4» ТК тұрғын үй салушы мекемелер 1200 балаға арналған екі мектептің құрылысын салмақшы. Жоспар бойынша, мектеп құрылыстары келесі жылдың ІІІ тоқсанында аяқталады.
Тағы екі жаңа мектеп жоспарға сай Құрамыс ықшамауданында 1200 орындық және Шұғыла ықшамауданында 1600 орындық мектептердің құрылысы 2023 жылы салыну жоспарланып отыр. Жоғарыда атап өткен Шұғыла ықшамауданындағы №174 орта мектепке жапсарлас үш жүз жетпіс бес орындық құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Ал мектепке дейінгі бала санының көбеюіне қатысты орын тапшылығын азайту мақсатында Шұғыла ықшамауданында 320 орындық үш балабақшаның құрылысы басталып кетті. Балабақша құрылысы келесі жылдың ІІ тоқсаныда аяқталады. Тағы бір «Нұрлы Дала» ТК-де үш жүз жиырма орындық 3 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға қатысты байқау жарияланады. Ал құрылыс келесі жылы басталатындығын қала әкімі тұрғындармен кездесуде түсіндірген болатын.
Балабақша мәселесіне келсек, былтыр жеті жүз елу екі орындық 10 жекеменшік балабақша ашылған болатын. Соның өзінде биыл 8047 орындық балабақшалар қажет екендігі айтылған болатын. 10 ықшам аудан бойынша160 орындық екінші балабақша ашу үшін мамыр айында қараусыз қалған ғимарат сатып алынып, қыркүйек айында бюджетті нақтылауға қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлу жоспарға алынды. Осыған орай, келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өткеннен соң қолданыстағы ғимаратты бұзып, жаңадан құрылыс жұмыстарын бастау жоспарда белгіленді.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев салынып жатқан мектептер мен балабақшаларға қатысты «Тұрғындардың санының өсуіне байланысты мектептерде оқушылар орнының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып отыр. Сол себептен, біз жұмысты ерте бастап, былтыр 33 жаңа мектептің жұмысын іске қостық. Жаңа мектептерді ашудың арқасында орын тапшылығын 46 пайызға төмендеттік. Алдағы уақытта жаңа оқу жылына орай тағы да мектептер өз жұмысын бастайды» деген болатын тұрғындармен кездесуінде.
Алдағы уақытта жоғарыда атап өткен жаңа мектептер ашылса, үш ауысымдық мектептер мен аралас мектептердің саны біршама азаяр деген үміттеміз. Сондай-ақ оқушылардың қалаған мектептеріне баруына көп мүмкіндіктері болары сөзсіз.