Алматыда Жансүгіров жүлдесі берілді

Бүгін Алматыда Ілияс ЖАНСҮГІРОВТЫҢ 125 жылдығына орайөткен қаламгерлер мен журналистер арасында өткен байқаудың қортындысы шықты.
Марапаттаусалтанатына зиялы қауым өкілдері, журналистермен ақынның ұрпақтары бас қосты.
«Ілияс Жансүгірұлы қоры» ұйымдастырған байқаумақсаты ілиястануға жаңа серпін беру. Қазылардыңұйғарымымен әдебиетші Елдос ТОҚТАРБАЙ бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды әдебиетшіЗаңғар КӘРІМХАН иеленсе, екінші орынды «Жетісу» телеарнасының журналисті МұратЖҰМАБАЙ мен «Қазақ әдебиеті» газетінің журналисті, ақын Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫНалды. Үшінші орын І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессоры ШараҚИАХМЕТОВА мен қаламгер Жемісбек ТОЛЫМБЕККЕ бұйырды.
«Жансүгіров журналист. Ілияс әлі бұл саладағы ашылмағантың, үлкен публицист. Ілияс қазақтың алғашқы кәсіби журналисі. Мәскеуде ашылғанжурналистика институтының бірінші түлегі. Ал жасаған еңбегі менің ойымша бұлғасырдан ғасырға, жылдан жылға үлкен өнеге, үлкен мектеп болатынына мен күмәнкелтірмеймін», — деді қазылар алғасының төрағасы Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫ.
Байқауға бас-аяғы 130-дан астам материал түскен. Оныңішінде зерттеулер мен мақалалар және сұхбаттар бар. Конкурстың өтуіне Алматыоблыс ымен Алматы қаласы әкімдігі және ҚР Ұлттық кітапхана қолдау көрсеткен.
Жиында мәдениеттанушы Мұрат ӘУЕЗОВ, ақынның ұлы СаятЖАНСҮГІРОВ, «Ілиястану» орталығының жетекшісі, ф.ғ. докторы, профессор МұратбекИМАНҒАЗИЕВ, Алматы облысы, Ақсу ауданының әкімі Есім БАВЗАРХАНОВ, І. Жансүгіроватындағы қор басшысы Сәбит ҚОРҒАНБАЕВ және т.б. сөз сөйледі.
Фото: facebook.com