15.07.2019, 23:00
118
15 шілде түскі сағат екіден кейін Алматыда жарық сөнді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Бостандық ауданының біраз бөлігінде, «Орбита», «Самал», «Айнабұлақ», «Таугүл» шағын аудандарында, Көк базар маңында, Әл-Фараби, Назарбаев, Абай көшесінде жарық жоқ.
Қаладағы жарыққа жауапты «АлматыЭнергоСбыт» мекемесінің баспасөз хатшысы Динара Алпысбаева Азаттыққа қаладағы электр станцияларының бірінде ақау шыққанын айтты. Ал қала әкімдігінің хабарлауынша, «АлЭС» компаниясына тиесілі станцияда ақау болған. Әкімдік қалаға сағат 17.00-ге дейін жарық берілетінін мәлімдеді. Бірақ қаладағы кейбір аудандар үш сағаттан бері әлі жарықсыз отыр.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қаланың біраз бөлігінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр. Қаладағы қозғалысты реттеу үшін 400 полицей көшеге шыққан.
Қалада метро жұмысы да тоқтап тұр.
Жаңалық толықтырылады
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР