Алматыда «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігі құрылды

ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залындакітапхананың жанынан құрылған «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігініңсалтанатты түрде ашылу рәсімі және оның төрағасы ақын, Қазақстан Жазушылар одағыныңмүшесі Мұратқан Шоқанмен кездесу өтті.
Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысыЖүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, «Жас қалам» жастаршығамашылық бірлестігінің үйлестірушісі – Орманбеков Таңжарық Нұрмұханұлын таныстырды және сөз кезегінмодератор, «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігінің төрағасы,ақын – Мұратхан Шоқанға берді.
Сонымен қатар «Жас қалам» жастар шығамашылық бірлестігі төрағасының орынбасары, филологияғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі –Гаухар Балтабаева мен Қайнар университеті «Журналистика және тілдер»кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлнар Мұхаметқалиева клубтың ашылуыменқұттықтап, оның жұмысына сәттілік тіледі.
Әдеби әлеммен тыныстап болашақақын-жазушы болғысы келетін студенттер үшін «Жас қалам» клубы секілді әдебиорта жас қаламгерлердің шығармашылыққуатын шыңдауға, өсіп-жетілуге өз әсерін тигізетін белгілі. Олар ұйыммүшелерінің жоспарымен танысып өз ұсыныстарын ортаға салды. Ақын әрібірлестіктің төрағасы Мұратхан Шоқанға әдеби үрдіс жайлы, ақынның шығармашылығыжайлы өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасында «Жастаржылы» аясында Алматы қаласының жас дарынды суретшілерінің туындылары қойылған көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің туындылары қойылды.
Көрмедегі көп көрерменніңкөңілінен шыққан туындының авторы жас суретші Қабыл Аян:
«Қазіргі кезде түрлі әлеуметтікжелінің дамуына байланысты, сурет өнерінің әсіресе пейзаж, портреткартиналардың тарихи естелік ретіндегі рөлі төмендеп сұраныс азайғаны белгілі.Алайда табиғи, қолмен, ой қуатымен еңбектене салынған туындылар өлмейді, қашанда өз иесін тауып жатады», — дейді.
Көркемсурет пен кескінделгенмүсін өнерінің көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарына және кітапханаоқырмандары үшін қазан айының 18-не дейін жалғасады.
Фотоларды «Жас қалам» бірлестігі ұсынды