Алматыда жастар талабынан соң белсенділерді босата бастады

02.03.2020, 02:58

2

1 наурызда түстен кейін 20-30 шақты адам Алматы қалалық полиция департаментінің алдына барып, бірнеше сағат бұрын ұсталған белсенділерді босатуды талап етті. Талап қойғандардың басым бөлігі жастар болды. Олар белсенділердің ұсталғанына төрт сағаттан астам уақыт өткенін айтып, дереу босатуды сұрады.

Кешкі 17.00-ге қарай белсенділердің алды полициядан шыға бастады. Олардың арасында тіркелмеген Oyan, Qazaqstan қозғалысы мүшелері Әсем Жәпішева, Жанель Шаханова, тіркелмеген «Көше» партиясының өкілі Даная Қалиева болды. 1 наурызда таңертең Жәпішева мен Шаханованы полиция «митинг орнына» жетпей ұстаған. Олардың айтуынша, іште тағы 15 шақты жексенбі күні ұсталған адам бар.

Ал құқық қорғаушы Ерлан Қалиев Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілгендерге адвокатты кіргізбей тұрғанын хабарлады.

"; //parse XFBML, because it is not nativelly working onload if (!fbParse()) { var c = 0, FBParseTimer = window.setInterval(function () { c++; if (fbParse()) clearInterval(FBParseTimer); if (c === 20) { //5s max thisSnippet.innerHTML = «Facebook API failed to initialize.»; clearInterval(FBParseTimer); } }, 250); } } }; thisSnippet.className = «facebookSnippetProcessed»; if (d.readyState === «uninitialized» || d.readyState === «loading») window.addEventListener(«load», render); else //liveblog, ajax render(); })(document);

Нұр-Сұлтанда күндізгі ұстаулардан кейін Есіл аудандық ішкі істер басқармасына барған Азаттық тілшісіне кіре берісте отырған кезекші полицей іште 25 адам бар екенін айтты. Оның айтуынша, олардың әрқайсысынан жеке-жеке жауап алынбақ. Кезекші тілшінің қалған сұрақтарына жауап бермеді. Әлеуметтік желіде жарияланған дерек бойынша, басқармаға жеткізілгендер арасында тіркелмеген «Көше» партиясының мүшелері Әсия Бақаева, Роза Мұсаева, Асқар Сембай бар.

Кешкі 18.00 шамасында Есіл аудандық ішкі істер басқармасынан 4-5 адам босап шықты. Солардың бірі Манас есімді азаматтың айтуынша, іште өзін Т.Д. есімді қызметкер Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (Еуропарламент резолюциясында ҚДТ-ны бейбіт оппозициялық қозғалыс деп атайды) қозғалысы туралы сұраған.

— "ҚДТ құрамындасың ба? Оны қолдайсың ба?" деп сұрады. Мен қозғалыс жайлы білетінімді, оның бағдарламасы ұнайтынын айттым. Олар егер тағы митингіге шығатын болсаң, 50 АЕК көлемінде айыппұл (шамамен 132 мың теңге немесе 347 доллар) саламын деп ескертті, — дейді ол Азаттық тілшісіне.

Алматы аудандық ішкі істер басқармасына барған Азаттық тілшілерін ғимарат сыртын күзетіп тұрған полиция қызметкерлері кіргізбеді. Бұған дейін Абай ескерткіші маңында ұсталған тіркелмеген «Республика» қозғалысының өкілдерін осы жаққа жеткізгені туралы хабарланған еді.

Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шауленованың телефоны өшіп тұрды.

Белсенді Мұрат Аштаевты полиция көлікке күштеп отырғызып жатыр. Шымкент, 1 наурыз 2020 жыл7 /> Белсенді Мұрат Аштаевты полиция көлікке күштеп отырғызып жатыр. Шымкент, 1 наурыз 2020 жыл7

Азаттықтың Шымкенттегі тілшісінің хабарлауынша, 1 наурызда күндіз Тәуке хан көшесінен ұсталған белсенді Мұрат Аштаевты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына апарған кезде жүрегі ауырып, денсаулығы нашарлаған. Басқармаға жедел жәрдем қызметі шақыртылып, ізінше белсенді ауруханаға жеткізілген. Сол жерде оған ине салынған. Қазір оның қайда екені белгісіз. Белсендімен хабарласу мүмкін болмады.

1 наурыз күні Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қаласында полиция ондаған азаматты ұстады. Олардың бір бөлігі митинг басталмай тұрып, үйлерінен әкетілді. Кейбірі «митинг орны» ретінде белгіленген аумақта күндіз ұсталды. Олардың кейбірінің қолында бірнеше күн бұрын астанадағы тергеу изоляторында көз жұмған белсенді Дулат Ағаділдің суреті, «диктатураға жол жоқ» деген жазуы бар плакат болды. Кейбірі «Шал кет» деп айқайлады.

Видео: Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті (1 наурыз 2020 жыл).

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent data-persistent-browse-out> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті please wait <video poster=«gdb.rferl.org/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«404p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2020/03/e/ef/efb0dfee-dd15-4c55-a27c-6334c405b511_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30462352&SiteId=5&r=838222946&it=0&pd=20200301082600» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ митингіге келгендерді күштеп әкетті
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30462352.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00 Жүктеп алу

Әзірге нақты қанша адамның ұсталғаны белгісіз. Азаттық тілшісі ішкі істер министрлігіне хабарласқанмен жауап ала алмады.

Бұған дейін елдегі бірнеше оппозициялық ұйым 1 наурыз күні митингіге шығуға шақырған. Олар белсенді Дулат Ағаділдің өліміне кінәлілерді жазалау, саяси тұтқындарды босату, билік отставкасы және өзге де талаптар қоймақшы болған.

Митингілер қарсаңында Қазақстанның әр аймағында белсенділер қамалып, 1 наурызда таңертең митинг өтеді делінген облыстық және қалалық әкімдіктердің айналасы қоршалды. Бұл аумақтарда қозғалыс шектелді.

Жексенбі, 1 наурызда Алматыда Республика аумағында мобильді интернет байланысы нашарлады. Тікелей эфирде хабар таратуға мүмкіндік беретін құрылғы қызметі істемей қалды.

28 ақпанда бас прокуратура митингілерді «заңсыз» деп атап, жұртты наразылыққа шықпауға үндеген.​

Оқи отырыңыз: Құқық қорғаушылар митинг қарсаңында жер-жерде белсенділердің қамала бастағанын хабарлады

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34