Алматыда Желтоқсан саябағы ашылды

Алматы қаласының Түрксіб ауданында Желтоқсан саябағы ашылды, — деп хабарлайды,-қалалың баспасөз қызметі.
Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, зиялы қауым, қоғам өкілдері, тұрғындар жиналды.
Бұған дейін әкімдікте Желтоқсан ұйымдарының басшыларымен өткен кездесулерде олар осындай саябақты ашу туралы ұсынғаны хабарланған. Қала басшылығының мәліметінше, әртүрлі нұсқа қарастырылып, нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігінде ауданы 100 гектардан асатын ең үлкен жаңа саябақ ұсынылған. Рекреациялық аймақ аэропорт көлінің жағалауын қамтиды. Абаттандыру алаңы — шамамен 23 мың шаршы метр.
Саябақтың басты ерекшелігі — ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді. Пирс Маяк ықшамауданы мен аудан орталығы арасындағы өзін көпірінге айналды.
2021 жылы саябақ жұмыстары жалғасады. Жаяу серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды, сондай-ақ тоғайдың жасыл қорын қайта құру жоспарланып отыр.