Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 21 Тамыз 2023

Алматыда жол жүру ақысы өсті

None
None

21 тамыздан бастап Алматыда қоғамдық көлікпен (автобус, метро және троллейбус) жол жүру ақысы өсті.

Енді карта немесе SMS код арқылы төлегенде жол ақысы 100 теңге, ал қолма-қол төлегенде 200 теңге болады. Бұрын жол жүру құны 80 және 150 теңге еді.

Кімдер тегін жүреді?

ҰОС қатысушылары, мүмкіндігі шектеулі жандар,75 жастан асқан зейнеткерлер, Бірінші, екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар,1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар, Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері,«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.Кімге 50 пайыз жеңілдік беріледі?

50 пайыз жеңілдікпен жол жүру құны 50 теңге болады. Оған мына адамдар құқылы:

Жалпы білім беретін мектептердің 15 жастан асқан оқушылары, Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушылары, Күндізгі оқу нысанындағы жоғары оқу орындарының студенттері, Зейнеткерлер, Көпбалалы аналар, Он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен бірге жүретін адамдар.

Тегтер: