16:47, 01 Наурыз 2021
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтқан.
Әлеуметтік желілерде жүк көлігі жер астына Алматыда Қажымұқан көшесінде түсіп кеткені хабарланған.
Алматының жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметі мәліметінше, жүк көлігі жүргізушісінің миы шайқалып ауруханаға түскен.
Оқиғаға қатысты видеоны мына жерден көруге болады.