16:12, 09 Қараша 2022
Алматыда жүкті әйел 8-қабаттан секіріп кетті (видео)
Бұл оқиғаны жергілікті полиция растап, келіншектің жасы 22-де екенін айтты. Әйелдің не себепті мұндай қадамға барғаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті.
«Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған дерек Наурызбай аудандық Полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», — деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.