Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 31 Тамыз 2023

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бүгін түнде жабылады

None
None

Бірер күн бұрын Есентай арқылы өтетін көпірдің техникалық ашылуы болды. Даңғыл бойымен екі бағытта қозғалыс іске қосылды.

Бірақ қазірше автомобильдер асфальттың алғаш төселген қабатымен ғана жүреді.

Қалалық мобилділік басқармасы бүгін түнде 23:00-ден бастап көпірге асфальттың үстіңгі қабатын төсейтінін хабарлады. Шенділер барлық жұмысты 1 қыркүйек таңғы 6:00-ге дейін аяқтаймыз деп уәде берді. Ремизовкадан бастап Шашкин көшесіне дейін екі бағытта да жол жабылады.

Жабық аймақты Шашкин, Тимирязев, Жароков және Жамақаев көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол жөндеушілердің сөзіне сенсек, бүгін түнде көпірге қоршау орнату жұмыстары басталып, солтүстіктегі қоршауды жөндеуге кіріседі екен. Барлығы біткенше көпірмен жүруге тыйым салады.

Бірақ әкімдік өкілдері Есентай арқылы өтетін жаяу жүргіншілер жолағының құрылысы қашан басталатынын айтпады. Осы себепті тұрғындар әзірге жолды оңтүстікте дамбы арқылы, ал солтүстікте жарты шақырым төмен орналасқан жүргіншілер жолағы арқылы кесіп өтуге мәжбүр. Не болмаса жолдың көлікке арналған бөлігін пайдаланады.

Сонымен қоса 31 тамыз 23:00 мен 1 қыркүйек 6:00 арасында Байзақов көшесінің Тимирязевтен Бұқар жырауға дейінгі бөлігі жабылады.

Тегтер: