Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бір әйел қаза тапты
Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бір әйел қаза тапты. Бұл туралы Алматыдағы денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.
Жалпы өрттен 43 адам зардап шекті. Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы төртеуі медициналық көмек алғаннан кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.
«12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Қалған өрттен зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел алған жарақатынан көз жұмды», — делінген хабарламада.
Қалғандарының жағдайы тұрақты. Кейбір ЖК тұрғындарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.
Еске салайық, Алматыда сағат 17:00 шамасында 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққан болатын. Түтіннен қашқан тұрғындар пәтерлерінің терезелерінен секіріп, балаларын төменге лақтырды.