Алматыдағы Арбатта да полиция азаматтарды ұстады

21.09.2019, 18:00

4

21 қыркүйекте түскі сағат 14.20 шамасында Алматыдағы Панфилов көшесінің бойында да полиция азаматтарды ұстай бастады. Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, олардың саны отыз-қырыққа жеткен.

Жиналғандардың бірі «жәй жүрмін» десе, бірі «жұмыстан келе жатырмын, қолыңды тарт» деп оларды ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне қарсылық танытты. Ұсталғандар арасында әйелдер де болған.

Арбатта ұстаулар басталмас бұрын бірнеше белсенді «митинг болады» деп алдын ала белгіленген орынға келіп, билікке талап айта бастаған. Бірақ полиция қызметкерлері олардың сөзін аяқтатпай, бірден көлікке отырғызған.

Түскі екі жарым шамасында оқиға орнына барған әкімдік, прокуратура өкілдері жұртқа «митингінің заңсыз екенін айтып», үйлеріне тарауын талап етті. Шамамен жиырма минуттан соң ұстаулар саябырсыды. Қазір «Астана» алаңы жабық. Оның жанындағы Әлия мен Мәншүк ескерткіші орналасқан саябақты да полиция бақылауға алған.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34