Алматыдағы Арбатта да полиция азаматтарды ұстады

21.09.2019, 19:00

3

21 қыркүйекте түскі сағат 14.20 шамасында Алматыдағы Панфилов көшесінің бойында да полиция азаматтарды ұстай бастады. Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, олардың саны жиырмадан асқан.

Жиналғандардың бірі «жәй жүрмін» десе, бірі «жұмыстан келе жатырмын, қолыңды тарт» деп оларды ұстамақ болған полиция қызметкерлеріне қарсылық танытты. Ұсталғандар арасында әйелдер де болған.

Арбатта ұстаулар басталмас бұрын бірнеше белсенді «митинг болады» деп алдын ала белгіленген орынға келіп, билікке талап айта бастаған. Бірақ полиция қызметкерлері олардың сөзін аяқтатпай, бірден көлікке отырғызған.

Түскі екі жарым шамасында оқиға орнына барған әкімдік, прокуратура өкілдері жұртқа «митингінің заңсыз екенін айтып», үйлеріне тарауын талап етті. Шамамен жиырма минуттан соң ұстаулар саябырсыды. Қазір «Астана» алаңы жабық. Оның жанындағы Әлия мен Мәншүк ескерткіші орналасқан саябақты да полиция бақылауға алған.

Тікелей эфирді көріңіз:

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«youtube»>

Бұған дейін өзін билік оппоненті ретінде атайтын, шетелде жүрген қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов 21 қыркүйекте жақтастарын көшеге шығуға шақырған. Қазақстанның бас прокуратурасы «рұқсат етілмеген митингіге қатысу заңсыз» екенін ескертіп, митингіге шыққан азаматтардың «жазаланатынын» хабарлады. Осы апта басынан бері республиканың түкпір-түкпірінде 50-ге тарта белсендіні полиция шақырып, 35-тен астам белсенді әкімшілік жазаға тартылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34