Алматыдағы Астана алаңы маңында полиция жүздей адамды ұстады

13.06.2019, 03:00

48

12 маусымда 19.30 шамасында Алматыдағы Астана алаңында полиция кем дегенде жүз адамды ұстап әкетті. Бұл туралы сол маңда жүрген Азаттық тілшісі хабарлады.

Тілшінің айтуынша, полиция сол маңда жүрген адамдарды «құжатын тексереміз» деп автобустарға апарған. Кейін осы маңға келгендерді жаппай ұстай бастаған.

Ұсталғандар арасында азаматтық белсенді Димаш Әлжанов бар. Ол полиция әкетіп бара жатқанда «Оян, Қазақстан!» деп айқайлаған. Әлжанов бастаған бір топ белсенді жас жақында «Оян, Қазақстан!» деген қозғалыс құрған.

Димаш Әлжанов. Алматы, 12 маусым 2019 жыл. /> Димаш Әлжанов. Алматы, 12 маусым 2019 жыл. <p />

12 маусымда Алматы, Нұр-Сұлтанда, Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейіп, көшеде полиция қарасы көбейген. Алматы тұрғындарының біразы басшылықтары жұмыстан ертерек қайтарғанын, балабақшадан балаларын ерте алып кеткендерін айтып жатыр. Кейбір тұрғындар қалада дүкендер, дәріханалар мен сауда орталықтары жабылғанын айтады.

Алматы көшесіндегі күзет. Алматы, 12 маусым 2019 жыл. /> Алматы көшесіндегі күзет. Алматы, 12 маусым 2019 жыл.

​Елде тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жетекшісі, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов 12 маусымда азаматтарды Алматыда шеруге шығуға шақырған.

12 маусымда Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіз сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміөтті. Тоқаевты ұлықтау рәсімі елде билікке қарсы азаматтардың наразылығы күшейген тұста болды. Осы күні бас прокуратура бейбіт митинг туралы заң ережесін бұзғандар жауапқа тартылатынын кезекті рет рет ескертіп, мәлімдеме жасады.

Қазақстан азаматтары президент сайлауына дауыс берген 9 маусымда және сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланған келесі күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда, ресми мәлімет бойынша, 700-ге жуық адам ұсталған. Құқық қорғаушылар билік ұсталғандар санын «тым азайтып көрсетті», ұсталғандардың әкімшілік жауапқа тартылғаны және қай жерде қамауда отырғаны туралы туыстарына хабарламады деп мәлімдеді. Бұған дейін ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда ұсталған 200-ге жуық азамат өзге елді мекендерге жеткізілгенін хабарлаған. Билік ешқандай мәлімет бермей отырған ұсталған азаматтардың аты-жөнін анықтаумен еріктілер айналысып жатыр.

Құқық қорғаушылар биліктен полицияның 9 және 10 маусымда азаматтарды ұстаған кезде қатыгездік танытуы мен «азаматтардың құқығын жаппай бұзу» фактілерін, соның ішінде бейбіт жиын, шеру мен пикет өткізу құқығын бұзуды мұқият тексеруді талап еткен.

10 маусымда Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев елде азаматтардың "өз еркін білдіру бостандығы толық көлемде сақталып отыр" деп мәлімдеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42