Алматыдағы бүлік суреттері мен видеоларын қайда жіберу керегі айтылды
Полиция қызметкерлері Алматыдағы бүлік пен жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген сурет пен видеоларды жіберуге болатын телефон номерлерін жариялады, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
«Егер тонаушылар туралы ақпарат болса немесе ұрланған тауарлар, заттар, қарулардың қайда сақталғанын білетіндеріңіз болса, көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Бұл — әрбір адал азаматтың борышы. Бет-әлпеттерін немесе көлікті түсіріп алған (сурет, видео) адам болуы мүмкін. Криминалдық полиция осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір ақпарат білсеңіздер, бізге қоңырау шалуларыңызды немесе жазуларыңызды сұраймыз», — деді полиция қызметкерлері.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының телефон номерлері: 87087079202, 87055557763, 87775489991, 87073332750. Сондай-ақ, Бостандық аудандық полиция басқармасының телефон номерлері жарияланды.
