09.06.2019, 19:00
84
9 маусым түстен кейін Алматыда полиция орталық көшелердің бірін қоршап, Панфилов көшесі бойында ерсілі-қарсылы жүрген азаматтарды ұстады. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшілері полицияның бес-алты адамды қатты күш қолданып, көлікке отырғызғанына куә болды. Бұл жаңалық жазылып жатқан кезде полицияның тағы азаматтарды ұстағаны белгілі болды.
Ұсталғандар арасында көп балалы ана, белсенді Оксана Шевчуктің анасы да болған. Азаттыққа сұхбат бере салысымен оны полиция қызметкерлері алып кетті.
Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшілерінің айтуынша, полиция саны өте көп. Полиция оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.
(Жаңалық толықтырылады)
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР