Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:43, 05 Қаңтар 2022

Алматыдағы қақтығыс: тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр (видео)

None
None

Кеш түнде қала тұрғындары  митинг жасаған болатын. Қазіргі уақытта  Республика алаңы жабық.

Төмен жағы Абай даңғылы, Назарбаев, Сейфуллин, Тимирязев аралығы әзірге өзге көліктер кіргізілмейді. Қазір жағдай тұрақталып қалған. Түндегі болған митинг бойынша полиция немесе жергілікті биліктен нақты ақпарат берілген жоқ. Қанша адамның жиналғаны, таңғы сағат қаншада осы аяқталғаны ол туралы нақты ақпарат жоқ.

Дегенмен бейнекадрларға қарағанда, қала көшесімен мыңдаған адам жүріп өткен. Қазір қалада интернет жөнді жұмыс істемейді. Ғаламтордың бұғатталуын құқық қорғау органдарының өкілдері қауіпсіздік мақсатында жасалған шара екенін хабарлады. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, шеру тәртіпсіздікке ұласқан. Сондықтан тәртіп сақшылары әкімдік ғимаратын қоршауға алуға мәжбүр болды. 

Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдауда.  Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Қазір қаладағы жағдай билік бақылауына алынды деді ол. Тәртіп сақшылары түннен бері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Республика алаңына әскери техника мен патрульдік экипаждар қойылған.

Тегтер: