Алматыдағы қоғамдық тыңдауда бейбіт шеру өткізу мәселесін талқылады

05.06.2019, 09:00

22

4 маусымда Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде қазақстандық құқық қорғаушылардың ұйымдастыруымен елдегі бейбіт шеру өткізу мәселесі туралы қоғамдық тыңдау өтті. Құқық қорғаушылар бейбіт жиын өткізудің қиындығын, азаматтардың наразылық акциясына шығуына заңдағы кедергілерді айтты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша қоғамдық тыңдауға отызға жуық адам қатысқан.

Қоғамдық тыңдауға құзырлы органдар мен президенттікке кандидаттардың штаб өкілдері де шақырылған болатын. Алайда олардың көбі келмеді. Жиынға президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық штабының жетекшісі Рахман Алшанов қатысты.

Қоғамдық тыңдауда сөйлеген құқық қорғаушы Евгений Жовтис Қазақстанда бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы 1995 жылы қабылданған заңды ауыстыру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, заңға қазірге дейін ешқандай өзгерту енгізілмеген, әрі ол халықаралық стандарттарға сай емес.

— Заң бейбіт шеру өткізуге кедергі келтірмеуі керек. Заңда қайшылық көп. Демократиялық елде заң деген азаматтарға көмектесуі тиіс… Ал полицияның іс-әрекетіне келсек, олар шеруге шыққандарды ұстамай, оларды қорғауы қажет. Шеру өткізетін орынға байланысты айтсақ, кез келген жерде өткізуге рұқсат берілуі керек. Бұған адам өміріне қауіп төндіретін орындарды ғана қоспаймыз, — дейді Жовтис.

Жиында құқық қорғаушылар жаңа заң жобасының концепциясын әзірлегенін айтты. Билік партиясының өкілі Рахман Алшанов мұнымен қоғам айналысуы керек деген пікірін жеткізді.

/* Instagram*/ #gr-961-i { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-i img { width:130px; } #gr-961-i:hover { outline:2px solid #d93175; } #gr-961-i .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-i span { color: #d93175; } #gr-961-i p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Instagram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16