10:36, 26 Шілде 2023
Алматыдағы «Саялы-2» және «Зердели» шағын аудандарында екі мектеп салынады
«Саялы-2» және «Зерделі» шағын аудандарында 550 орындық 2 жаңа мектеп салынуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
«Саялы-2» мектебінің құрылысы келесі жылдың II тоқсанында, «Зерделі» ш/а мектеп құрылысын 2024 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланған.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Самғау», «Алғабас», «Қарасу», «Теректі», «Әйгерім» және «Ақбұлақ» шағын аудандарында 11 500 орындық тағы 6 мектеп салу үшін дайындық жұмыстары басталды.