Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:21, 11 Шілде 2023

Алматыдағы үлкен айналма жолмен жүру құны қанша болады?

None
None

16 маусымда Алматыдағы үлкен айналма жол ашылды. Жолдың жалпы ұзындығы 66 шақырым.

Қазір онда көліктер тегін жүріп жатыр.

11 шілдеде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің аталған жолға ақы төлеу жөніндегі бұйрығы шықты. Құжат 21 шілдеде күшіне енеді.

Сол күннен бастап айналма жолмен жүрген жүргізушілер мынадай мөлшерде ақша төлейді:

жеңіл автомобиль — 0.07 АЕК (241.5 теңге);

орын саны 16-дан аспайтын автобустар мен 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 0.08 АЕК (276 теңге);

орын саны 32-ден аспайтын автобустар мен 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 0.14 АЕК (483 теңге);

орын саны 32-ден көп автобустар мен 10 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 0.16 АЕК (552 теңге);

10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері —0.2 АЕК (690 теңге);

тіркемесі бар машиналарды қоса алғанда, 15 тоннадан көп жүк көтеретін жүк көліктері, ершікті тартқыштар — 0.22 АЕК (759 теңге).

Айналма жол маңында тұратын Алматы облысының тұрғындары бір ай және бір жылға абонемент сатып алса болады. Оның бағасы мынадай:

жеңіл автомобиль бір айға — 0.5 АЕК (1725 теңге), бір жылға — 5 АЕК (17 250 теңге);

орын саны 16-дан аспайтын автобустар мен 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері бір айға — 0.6 АЕК (2070 теңге), бір жылға — 6 АЕК (20 700 теңге);

орын саны 32-ден аспайтын автобустар мен 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері бір айға — 1 АЕК (3450 теңге), бір жылға — 10 АЕК (34 500 теңге);

орын саны 32-ден көп автобустар мен 10 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері бір айға — 1.5 АЕК (5175 теңге), бір жылға — 15 АЕК (51 750 теңге);

10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері бір айға — 2 АЕК (6900 теңге), бір жылға — 20 АЕК (69 000 теңге);

тіркемесі бар машиналарды қоса алғанда, 15 тоннадан көп жүк көтеретін жүк көліктері, ершікті тартқыштар бір айға — 2.5 АЕК (8625 теңге), бір жылға — 25 АЕК (86 250 теңге).

Тегтер: