Алматыдағы үш ақша айырбастау пунктінен 300 млн теңге ұрланған
Алматыдағы үш ақша айырбастау пунктінен 300 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды «Жас Алаш».
Ресми ақпараттарға сенсек, әрбір ақша айырбастау пунктінен кем дегенде 100 млн теңге ұрланған.
Ақша айырбастау пунктері қауымдастығының мәліметінше, Алматы қаласында үш айырбастау пункті тоналған.
Ақша айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаев: «Нарықтың басқа қатысушыларына келтірілген шығын мөлшері туралы ақпарат кейінірек белгілі болады. Ұлттық Банктің талабы бойынша айырбастау пунктерінің әрқайсысының кассасында жарғылық капиталдың кемінде 100%-ы болуы тиіс. Сондықтан көптеген ақша айырбастау пунктерінде жарғылық капитал кассада болған», – деді.
Бұған дейін Алматыда шеру басталып, қала әкімдігі мен прокуратурасы отқа оранған болатын. Тәртіпсіздік белең алған өңірлерде алаңға шығып, митингке қатысқан 8 мыңға жуық адам ұсталды. Ал оққа ұшқандар мен опат болғандардың нақты саны әлі белгісіз.