Алматыдағы ұшақ апатынан аман қалғандардың жағдайы айтылды (видео)
Дәрігерлер Алматыда АН-26 әскери ұшағының апатынан аман қалғандардың денсаулық жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Қазіргі уақытта дәрігерлер ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның өмірі үшін күресіп жатыр. Науқастар №4 Қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.
"Ұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы өте ауыр болды. Екеуіне де стационар мен ведомство медицина қызметі мамандары қалалық консилиум өткізді. Ем шаралары анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жүргізіледі. 15 наурыздағы жағдай бойынша олардың жағдайы әлі де ауыр", — деді №4 ҚКА политравма бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.
Еске салайық, қазір құлаған ұшақтың қара жәшігі тексеріліп жатыр.