Алматыдағы "Зерделі" шағын ауданындағы көп қабатты үй "15 см қисайған"

11.12.2019, 20:59

18

Алматының «Зерделі» (бұрынғы — Алғабас-6) шағын ауданындағы №179 үй тұрғындары өздері тұрып жатқан тоғыз қабатты ғимараттың көрші тұрғын үй жаққа қарай қисайғанын айтып, алаңдап отыр. Тұрғындар мәселені анықтау үшін жоғарыдан төменге қарай жіп жіберіп, өлшеп те көрген.

«Екі подъезден тұратын үйдің 12-15 сантиметрге қисайғанын көрдік» дейді тұрғындар.

11 желтоқсанда түске дейін "қисайған үйге" барған Азаттық тілшісі оқиға орнында мәселеге алаңдап, сыртта жүрген жиырмаға жуық тұрғынды көрді. Олардың айтуынша, соңғы бір аптада пәтер есіктерін жабу қиындаған, подъезд бен пәтер ішінде сызаттар пайда болған.

10 желтоқсанда түнде тұрғындар төтенше жағдай мамандарын шақырып, олар өлшем жасап, кетіп қалған.

— Әзірге ешқандай әрекет жасалған жоқ. Бізбен ешкім сөйлескен де жоқ. Үйіміз құлап қалады деп ойламаймыз, бірақ соның алдын алғанын қалаймыз, — деді тұрғындардың бірі Дәурен Туғанбаев Азаттық тілшісіне.

ВИДЕО: "Қисайған үйде тұруға қорқамыз" (11 желтоқсан 2019 жыл).

Сәрсенбі күні түске дейін үйдің маңында оннан астам жергілікті билік өкілдері жүрді. Олардан коментарий алуға тырысқан Азаттық тілшісіне Алатау ауданы әкімі Шахмерден Рыспаев пен төтенше жағдай қызметінің өкілдері мәселенің жай-жапсарын түсіндіруге ынта танытпады.

— Қазір «КАЗГИСА», жобалау институты мамандарын шақырамыз, барлық компаниялар келіп, құзырлы органдар жұмыстарын жасап, содан кейін қорытындысын айтады, — деп қысқа қайырды әкім.

2013 жылы "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген бұл тұрғын үйде 72 пәтер бар.

Алматыда "үйлердің қисаю мәселесі" осыдан бірнеше жыл бұрын да байқалған. 2016 жылы Алғабастағы тоғызқабатты тұрғын үйдің 32 сантиметрге қисайғаны анықталып, жергілікті билік оларды сүру керек деп мәлімдеген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42