17:45, 08 Қыркүйек 2023
Алматыдағы Жансүгіров және Тілендиев көшесі жабылады
Сейфуллин мен Жансүгіров арасындағы жолайрықтың салынып жатқанына алты жыл болды.
Әкімдік құрылыс жұмыстарына байланысты бүгін 23:00-де Жансүгіровтің Дарвин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігі жабылатынын хабарлады.
Оны ертең 15:00-де ашады екен.
Жабық аймақты Дарвин, Жарсуат және Ломоносов арқылы айналып өтуге болады. Іргелес көшелерде қозғалыс режимі өзгермейді.
Сонымен қатар 8 қыркүйек 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін мамандар асфальт төсеу үшін Тілендиевтің Қарасай батыр мен Төле би арасындағы бөлігін жабады.
Жұмыс жүретін жерді Өтеген батыр, Брусиловский, Төле би және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.
Оқи отырыңыз