Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:00, 18 Сәуір 2022

Алматыдан Нұр-Сұлтанға бір кило есірткі жеткізген күдікті ұсталды

None
None

Қарағанды тас жолында кезекшілік еткен полицейлер оғаш жүрісімен көзге түскен ер адамды тоқтатып, орман алқабында неліктен жүргенін сұрады.

Ол зираттан келе жатқанын айтқанмен сөйлеген сөзінен алаңдаушылық байқалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Астана — Что? Где? Когда?» Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары оның телефонындағы суреттерді пайдаланып, аумақты мұқият аралап шықты. Нәтижесінде ағаштың түбінде жасырылған зат табылды. Анықтай келе пакетте 1,25 килограмнан астам синтетикалық есірткі салынған «Мефедрон» және «Альфа-РVР» табылды.

Ұсталған азаматтың «синтетиканы» Алматыдан елордаға жеткізгені және оларды елордада өткізуді жоспарлағаны белгілі болды.

Тәркіленген есірткі құралдарының саны 6 мыңнан астам бір реттік дозаны құрайды. Ал олардың «қара» нарықтағы құны 25 млн теңгені құрайды.

Тегтер: