Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:30, 10 Тамыз 2023

Алматыдан Қонаевқа LRT қатынайды

None
None

Қонаев қаласын дамыту бойынша бас жоспар жобасын үкімет бекітті, ол 7 тамызда күшіне енді.

Құжатқа сәйкес 2050 жылға қарай Жаңа Іле тұрғын үй алабы бой көтеретіндіктен, қала аумағы 9 мың гектардан 19 мың гектарға ұлғаяды, тұрғын саны 70 мыңнан 200 мыңға артады. Жергілікті билік Іленің оң жағалауына үйлер, студенттер қалашығы мен демалатын орындар салуды жоспарлап отыр.

Алматы — Өскемен тас жолымен жүретін транзит көліктер шаһарды айналып өтеді, ол үшін мамандар көпір салады. Ал қолданыстағы жол бас көшеге айналып, жан-жағына түрлі ғимараттар салынады. Қаланың ескі және жаңа бөлігін жалғайтын тағы бір көпір бөгеттен сәл төмен орналасады.

Жоспар бойынша Жаңа Іле ауданына жолаушы таситын арқанжол көмегімен баруға болады. Ол 1.5 шақырымға созылып, жаңа шағынаудандар мен қаланың қазіргі аумағы арасында қатынауға мүмкіндік береді.

Алматыдан Қонаевқа жүрдек трамвай желісімен жылдам жетуге болады. Ол мегаполистен шығып, теміржол рельстері арқылы Бақанасқа барар жолдағы жазық далаға салынатын жаңа әуежайға дейін барады.

Тегтер: