Алматыға 34 тонна ковидке қарсы препараттар жеткізілді

22.07.2020, 19:41

27

БүгінАлматыға Делиден 34 тонна немесе 1,6 миллион қаптамадағы ковидке қарсыпрепараттар жеткізілді, олар Алматы әкімдігінің дәрі-дәрмектердің тұрақтылыққорын құруға бөлген қаржы есебінен сатып алынды.

Алматыәкімі Б. Сағынтаевтың шешімі бойынша ковидке қарсы препараттарды көтерме сатыпалу үшін пайызсыз қаржыландыруға 5 млрд теңге бөлінген еді. Бұдан өзге, ковидтістационарларды дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз ету мақсатында резервтікқор құру үшін тағы 5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде препараттардыңжартыжылдық қорын жасау бойынша белсенді жұмыстар жүруде, ал бұлдәрі-дәрмектердің тапшылығын жойып, олардың дәріханалар мен инфекциялықстационарларға іркіліссіз жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Бүгін жеткізілген дәрі-дәрмектерпартиясында антикоагулянат, энаксопарин, гепарин; антибактериалды — офлоксацин;қабынуға қарсы препараттар — преднизалон, дексаметазон; антибиотиктер –цефтриаксон, меропенем; қызуды түсіретін — парацетамол; вирусқа қарсы препарат- осельтамивир бар.

"Өткен жұмадан бастапдәрі-дәрмектерге деген сұраныстың төмендегені, ұзақ кезектің азайғаныбайқалады. Жалпы, жағдай оңалуда. Тұрақтылық қоры арқылы дәріханаларғапрепараттарды жеткізумен қатар, біз ковидті госпитальдерді дәрі-дәрмектерменжедел қамтамасыз ету үшін резервтік қорды жасаудамыз. Дәрі-дәрмектердіңжартыжылдық қоры фармкомпаниялардың қоймаларында сақталады, қажет болған кездебұл препараттар стационарларға бөлінеді", — деп хабарлады Алматыәкімдігінің қаланы дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз ету жөніндегіүйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев.

Оның келтірген мәліметтері бойынша,Алматыға 23 шілдеде Түркиядан «Клексан» препараты жеткізіледі.Жеткізуші бұл препараттың шамамен 40 мың бірлігін әкелетін болады. 31 шілдегедейін қосымша тағы 150 мың бірліктегі клексан жеткізу жоспарланған. Жалпы,алдағы аптада антикогулянттың шамамен 300 мыңға жуық бірлігі тасымалданады депкүтілуде.

Бұл – қалаға 10 шілдеден бастап қажеттідәрі-дәрмектерді жеткізген жетінші рейс. Ағымдағы айдың соңына дейін тағы екірейс келеді деп күтілуде. Қалаға жеткізілген дәрі-дәрмектердің жалпы көлемішамамен 7,5 млн қаптама. Кедендік рәсімдеуден соң препараттар қаладәріханаларына бөлінетін болады.

Қала әкімдігі тарапынан дәрі-дәрмекжүктерінің жедел рәсімделуі үшін пәрменді шаралар жүзеге асуда. МКД-нің Алматықаласы бойынша «Жетісу» Кеден постысының басшысы Талғат Жаңбырбаев өзініңсөзінде елімізге келіп жеткен медициналық заттары бар гуманитарлық жәнекоммерциялық жүктерді рәсімдеу уақытының едәуір қысқарғанын атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2020, 15:22
Індеттің шарықтау шегі артта қалды,-Цой
29.07.2020, 12:47
Қазақстанда тағы 208 адам коронавирустан қайтыс болды
27.07.2020, 13:02
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты
25.07.2020, 14:15
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 80 мыңнан асты
21.07.2020, 12:41
"Коронавирус болу" деген не?
13.07.2020, 21:27
Аурудан кейін ағзаны қалпына келтіру үшін тыныс алу гимнастикасын жасау және дәстүрлі қазақ сусындары мен фитопрепараттарын қолдану ұсынылады

Аңдатпа


  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04
  • Қымбатқа түскен «ноу-хау»
    22.10.2020, 10:52
  • Д. Ахметов: «Азаматтың қазасына себепкерлер жазасыз қалмайды»
    22.10.2020, 09:42
  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28