Алматылық бақылаушы сайлау учаскесінде заңбұзушылық болғанын айтты

09.06.2019, 17:00

47

Экономист Айман Тұрсынхан Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл Қайрат ауылындағы №862 сайлау учаскесінде бір сайлаушыға екі бюллетень бергенін хабарлады. Бұл ақпаратты ҚазТАГ агенттігі жазды.

«Бір сайлаушыға екі бюллетень берді. Мен бюллетеньді жәшікке салуға қарсы болдым» деп агенттік экономист, «Сотталушылар құқығын қорғау коалициясы» атынан бақылаушы ретінде тіркелген Айман Тұрсынханның сөзін келтірген.

Тұрсынхан бұған қоса, сайлау күні сайлау учаскесінде үгіт-насихат плакаттары ілініп тұрғанын, сайлау комиссиясының өкілдерін оны алып тастауға мәжбүрлегенін айтты.

«Акт құрастырылды, үш бақылаушы, комиссия төрағасының қолдары бар. Екінші нұсқасы комиссия төрағасына берілді» деді Тұрсынхан. Азаттық тілшілері 9 маусымда таңертең осыған ұқсас оқиғаларға куә болған.

Оқи отырыңыз: Азаттық тілшісі жәшікте бірге бүктелген бес бюллетень жатқанын көрді

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы басталды. Елде 9 мыңнан астам сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11