Алматыны күйік пен түтін иісі басты. ТЖД тұрғындарды бетперде тағуға шақырды
Алматыда таңертеңнен бері ауадан жағымсыз иіс сезіліп тұр. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметкерлері күйік пен түтін иісі қайдан шыққанын хабарлады.
«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары. Сүйінбай даңғылы 50 мекенжайы бойынша бүгін түнде жойылған жоғары жанғыш жүктемесі бар қоймадағы өрттің салдарынан (аумағы s=295 м2) түтін байқалады. Өрттің қалдығы өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейді»,- деп мәлімдеді мекеме.
Мамандар өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға далаға шықпауға кеңес берді.
«Осыған байланысты сабырлы болуды және бетперде тағуды сұраймыз. Тыныс алу органдары аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден, әсіресе өрт болған жерге жақын тұратын тұрғындарға шықпауға кеңес береміз»,- деп атап өтті департамент өкілдері.
ҚазАҚпарат хабарлағандай, Алматыда ламинат сақтайтын қоймадан өрт шыққан болатын.