Алматының бас санитар дәрігері карантинге жатқызылды

14.03.2020, 19:18

9

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды.

Бұл туралы ақпарат 14 наурызда Facebook-те пайда болды. Tengrinews.kz тілшімен телефон арқылы сөйлескен Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы 10 наурызда Франкфурттен ұшып келгенін растады. Айта кетейік, бұған дейін коронавирус 9 наурызда Германиядан Алматыға ұшып келген ер адамнан табылған. Санитарлық дәрігердің айтуынша, ұшақ шын мәнінде Қазақстанға 10 наурызда қонған, 9 наурыз — лайнердің ұшып шыққан күні.

«Коронавирус жұқтырған адаммен ұшқаным белгілі болғаннан кейін мені жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулады. Кеше ғана тест нәтижесін алындым, теріс болды», — деді Молдағасымова.

Бас санитар Қазақстанға «карантиндеуге жатпайтын» басқа елден Германия арқылы транзитпен ұшып келген. Оның айтуынша, басқа елге жеке істері бойынша барған, науқас анасын ауруханаға ресімдеген.

Молдағасымова қазіргі уақытта үй карантинінде жатқанын хабарлады. «Енді екінші нәтижені күтемін, кейін жұмысқа шығамын. Мен байланыс жасаған адамдарға келетін болсақ, барлығынан талдау алынды, нәтижесі теріс», — деді ол.

Молдағасымова қорқыныш сезімі тумағанын айтты, себебі ауырған адаммен тығыз байланыста болмаған.

«Бұл оба емес қой, вирустық инфекция. Менің ойымша, ол үлкен қауіп төндірмейді. Коронавируспен ауырғандар саны тұмауратқандардың санынан аспайды. Бұның жаңа вирус екені ғана қорқытады. Екінші жағынан, бұған дейін шошқа және құс тұмауы сияқты жаңа инфекциялар болған, сондықтан дүрлікпе тараған ақпараттардың әсерінен пайда болды деп ойлаймын», — деп атап өтті ол.

Алматы мен Нұр-сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны алтауға жетті.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанда 1974 және 1984 жылғы адамдар коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар Германиядан 9 наурызда және 12 наурызда келген. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. 

Үшінші науқас 12 наурызда Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына келген. Лабораториялық анализ бойынша азаматтан коронавирустық инфекция анықталды. 

Төртінші коронавирус жұқтырған науқас — Алматы қаласының 1976 жылғы тұрғыны. Ер адам 13 наурызда Германиядан ұшып келген.

Тағы бір қазақстандық науқас Германияда

14 наурызда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олардың бірі 1958 жылғы ер адам, ол Алматыда. 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екіншісі Нұр-Сұлтандағы әйелден табылды. Ол Варшавадан (Польша) ұшып келген. 

Айта кетейік, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин елімізге қауіпті дерт 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін деп болжам жасаған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16