Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:44, 19 Қыркүйек 2022

Алматының Құрметті азаматы атағын кімдер алды?

None
None

Алматы әкімдігі «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын алған жаңа тұлғалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

 

Марапатталған құрметті азаматтар қатарында:

• Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Ұлттық медицина қауымдастығының құрметті мүшесі, КСРО денсаулық сақтау үздігі.

• Меруерт Қаратайқызы Өтекешева – белгілі кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі.

• Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев – кеңестік және қазақ композиторы, әнші, ұстаз. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақстанның халық әртісі.

• Асылы Әлиқызы Осман – белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. Ғалым, профессор. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

• Жүрсін Молдашұлы Ерманов – ақын, публицист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

• Зинаида Леонтьевна Федотова – мемлекет және саясат қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері.

• Қайырлы Уатайұлы Жонқабаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, Панфилов дивизиясының жауынгері.

• Орынша Қарабалина – ұстаз, тарихшы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

• Күпесбай Оразбайұлы Жампиісов – мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-дәрежелі капитан, әскери матрос.

• Любовь Владимировна Нысанбаевна – еңбек сіңірген сәулетші, Қазақстан қала құрылысшылары одағының президенті.

Марапатталғандарға құрметті атақпен қоса 1 миллион теңгенің ақшалай сертификаты табыс етілді.

Оқи отырыңыз: Атаққұмар елге айналып барамыз

Арсыз болмай, атақ жоқ

Тегтер: