Алмазбек Атамбаев келесі аптада Ресейге баратынын айтты

21.07.2019, 09:00

11

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев келесі аптада Ресейге баруы мүмкін екенін мәлімдеді. 19 шілдеде Кой-Таш ауылындағы үйінде журналистер сұрақтарына жауап берген Атамбаев осылай деді.

"Құдай қаласа келесі аптада… Бірнеше күнге барып келгенімді кейбір адамдар қаламайтын сияқты. Мені шақырып жатқан адамдардың бәрі ойдағыдай өтуін қадағалайды. Бірақ сонда да тек өзіме, Құдайға және нағыз достарыма ғана сенуім керек, не де болса бәріне дайын болу қажет" деді Атамбаев.

Бірақ экс-президент өзін нақты кімнің шақырғанын ашып айтпады.

Атамбаев бұған дейін басқа елге баруды жоспарлап жүргенін, бірақ қай елге баратынын айтпаған еді.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 18 шілдеде Алмазбек Атамбаевты үшінші рет тергеуге шақырған, бірақ адвокатының айтуынша, ол бармаған. Ақпарат бойынша, тергеу орындары қылмыстық топ арасында танымал Азиз Батукаевың заңсыз босатылуына байланысты сұрақтар қоймақ болған.

27 маусымда парламент Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады. Енді бұдан былай құқық қорғау органдары оның үстінен қылмыстық іс қозғай алады. Атамбаевтың өзі істің саяси астары барын айтады. Кой-Таш ауылындағы жақтастары оны қолдау штабын құрған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39