Алмазбек Атамбаев тергеуге шақыртылды

10.07.2019, 07:00

4

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 8 шілдеде ішкі істер министрлігіне тергеуге шақыртылды. Министрлік баспасөз қызметінің өкілі Карим Аманкуловтың Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлауынша, Атамбаев куәгер ретінде шақыртылған.

Шақыртуды милиция қызметкері Атамбаевтың Кой-Таштағы үйіне әкелген. Құжатта Атамьбаевтың осы министрліктегі тергеуге 9 шілде таңертең келуі керек екені жазылған.

Алайда Атамбаев журналистерге «заңсыздыққа жол беріп отырған» қазіргі билікке сенбейтіндіктен, тергеуге бармайтынын мәлімдеді. Ол құқық қорғау органдарына сұрақтарын оның заңды өкілі Сергей Слесаревке жолдауын ұсынды.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі биыл жыл басында қылмыс әлемінің атышулы өкілі Азиз Батукаевтың түрмеден босап шығуына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік статустарынан айырды. Оған депутаттардың таққан айыбы мен, сол айыпты прокуратураның қолдауы себеп болды.

25 маусымда бас прокурор Откурбек Джамшитов парламентте, 2013 жылы Атамбаев Батукаевты босату туралы тапсырманы өзі бергенін мәлімдеді.

Атамбаевтың өзі және оның жақтастары мұның барлығын «қаралау» мен қазіргі биліктің «саяси бәсекелесінен құтылудың амалы» деп бағалап отыр. Атамбаевтың ондаған жақтастары 22 маусымнан бері оның Кой-Таштағы үйінің маңынан лагерь құрып, штаб ашқан.

Ал 3 шілдеде Бішкекте Алмазбек Атамбаевтың жақтасы наразылық шарасын өткізіп, қазіргі биліктің отставкаға кетуін талап етті. Бұл шараға Атамбаевтың өзі де қатысқан.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16