Алмазбек Атамбаевтың қамау мерзімі екі айға ұзарды

28.10.2019, 02:00

3

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың қамау мерзімі екі айға ұзарды. Бұған дейін сот оның қамау мерзімін 26 қазанға дейін созған еді.

Оның адвокаты Сергей Слесаревтің айтуынша, қылмыстық топ жетекшісі Әзиз Батукаевтың заңсыз босатылуына байланысты өткен алдын ала тыңдау кезінде судья осындай шешім қабылдаған.

«Сотта судья бұл жайлы айтқан жоқ. Қолымызға сот қаулысын алған кезде бір-ақ білдік» деді Слесарев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.

Адвокат жақында бұрынғы президентпен кездесіп, алдын ала сот отырысының қорытындысын хабарлаған. Оның айтуынша, Атамбаевтың сот процесіне байланысты ұстанымы өзгермеген.

Қазір шетелде жүрген қылмыстық топ жетекшісі Әзиз Батукаевтың заңсыз босатылуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында Атамбаевты ішкі істер министрлігі үш рет тергеуге шақырған, бірақ ол келуден бас тартқан.

7-8 тамызда Шу облысының Қой-Таш ауылында «бұрынғы президент Атамбаевты тергеуге мәжбүрлеп әкелу шарасы» өткен. Шара барысында арнайы қызмет өкілі қаза болып, ондаған адам жараланған. Бұл іс бойынша негізгі сот отырысы 15 қарашада басталады.

Қырғызстанды 2011-2017 жылдар аралығында басқарған 63 жастағы Алмазбек Атамбаев қазір Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Оған арнайы депутат комиссиясы алты айып артқан. Оның ішінде «Алмазбек Атамбаев аты-шулы қылмыскер Әзиз Батукаевты заңсыз босатуға араласты», «Бішкек жылу электр станциясын жаңарту кезінде және оған көмір жеткізу кезінде жемқорлыққа қатысты» деген айыптар бар. Алмазбек Атамбаев мұндай айыптаулардың артында саяси мақсат бар деп есептейтінін білдіріп, парламенттің экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешімін констицияға сай емес деп бағалаған.

Оқи отырыңыз: «Ойынға қатыспаймын». Қамаудағы Атамбаев сотқа келмеді

27 маусымда парламент Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырған. 25 қазанда Қырғызстан Жогорку Кенешінің конституциялық палатасы Алмазбек Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыруды заңды деп тапты.

Видео: Атамбаев пен Жээнбековтің егесіне не түрткі болды?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Атамбаев пен Жээнбековтің егесіне не түрткі болды?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Атамбаев пен Жээнбековтің егесіне не түрткі болды? please wait <video poster=«gdb.rferl.org/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/9/9f/9f160c74-9437-41f0-9f09-648f659cdd07_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30113674&SiteId=5&r=318669775&it=0&pd=20190817043800» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Атамбаев пен Жээнбековтің егесіне не түрткі болды?»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Атамбаев пен Жээнбековтің егесіне не түрткі болды?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30113674.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:07:57 0:00 Жүктеп алу
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34