Алмазбек Атамбаевтың туысын мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне алып барды

11.08.2019, 02:00

4

Қырғызстанның бұрынғы президенті, 8 тамызда ұсталған Алмазбек Атамбаевтың жиені Нурбек Шаршенов және экс-президенттің бұрынғы жақтасы Кундуз Ажыбекованы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шу облыстық басқармасына жеткізген.

Бұл ақпаратты Азаттықтың Қырғыз қызметіне Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) өкілі Кундуз Жолдубаева хабарлады. Оның айтуынша, екі қызметкерді де арнайы қызмет өкілдері Кой-Таштағы Атамбаев үйінен көлікке отырғызып, алып кеткен.

Кундуз Жолдубаеваның өзі бұған дейін ішкі істер министрлігі бірнеше рет тергеуге шақырғанын айтқан.

7 тамызда басталған Атамбаевты ұстау операциясы арнайы жасақ пен экс-президент жақтастарының қақтығысына ұласып, бір әскери қаза тапқан. Ондаған адам жараланды. Арнайы жасақтың алты сарбазын бұрынғы президенттің жақтастары кепілге алып, ертеңіне босатқан.

Атамбаев 8 тамызда жалғасқан операция кезінде өз еркімен билікке берілді. Оған жемқорлық айыбы тағылып, экс-президент 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қазір оның ісі тергеліп жатыр.

Соңғы бірнеше күнде Атамбаевтың жақтастары тергеліп, төрт адам қамауға алынған. Бұлар: Атамбаевтың бұрынғы кеңесшісі Фарид Ниязов, ҚСДП өкілдері Алга Кылычев, Кыяз Исмаилов, Амантур Жамгырчиев. Олардың барлығы қазір Бішкек полициясының тергеу изяоляторында отыр.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады. Үш рет шақырту жібергенімен тергеуге бармаған Атамбаевты министрлік арнайы операция жүргізіп, күштеп әкелуді тапсырған.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтқан. Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. Оның орнына билікке 2017 жылдың соңында сайлау жолымен Сооронбай Жээнбеков келген.​

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27