Алтайдағы тракторшы құлатқан Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қанша қаражат керек?
Әлеуметтік желіде Алтай қаласының орталық алаңдағы Ленинге қойылған ескерткіштің құлаған сәті жазылған видео тарады.
Кейін алаңды абаттандыру кезінде тракторшы ескерткішті байқамай құлатып алғаны белгілі болды.
Жөндеу жүргізіп жатқан мердігер компания өкілі ескерткішті қайта қалпына келтіретінін хабарлады.
Белгілі болғандай, Ленин ескерткіші жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген, бірақ оны қалпына келтіруге қанша қаражат пен уақыт кететінін мамандар әзірге біле бермейді. Бұл туралы yk-news.kz жазды.
Қазіргі уақытта бүлінген Ленин «Европлюс Восток» ЖШС кәсіпорнының базасына жеткізіліп, ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің мамандары тексеру жұмыстарын жүргізген.
«Біз залал келтіру актісін жасадық. Келесі қадам ескерткішті қалпына келтіру мүмкіндігі туралы сараптаманың қорытындысы болады. Мұны лицензиясы бар ұйымдардың сәулетшілері мен реставраторлары жасайды. Өңірде мұндай адамдар бар», – дейді ШҚО ҚМУ археология, ескерткіштер және сәулет бөлімінің меңгерушісі Есет Ләзімқанов.
Оны қалпына келтіру қиын жұмыс. Бірақ мұның барлығын қалпына келтіруге болады", — дейді «Шығыс Строй Проект» ЖШС техникалық менеджері Сергей Оградов.
Ескерткішке зиян келтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі «Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғат кешендерін қасақана жою немесе бүлдіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқаны белгілі болған еді.