Алтайдан Ұлы Жібек жолына дейін экспедиция ұйымдастырылады

20.07.2018, 02:54

11

Ұлы Жібек жолы тек сауда жолы болып қалмастан, дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосқаны белгілі. Қазіргі кезде Қазақстан кең-байтақ жерін тиімді пайдалана біліп, осынау көне жолды қайта түлетуге белсене кірісуде. Шынында, Ұлы Жібек жолының тарихын біліп, тағылым алу бүгінгі ұрпақ үшін маңызы зор іс. Сондықтан Алтайдан Ұлы Жібек жолына дейінгі аралықты қамтитын экспедиция ұйымдастырылмақ.Kazakh Tourism қорының басқарма төрағасы Рашид Күзембаевтың айтуына қарағанда, экспедиция жоспары алты бағыттан тұрады.– Еліміздің табиғаты ерекше екені белгілі. Сондықтан біз Алтайдан Ұлы Жібек жолына дейін, Тянь-Шаньнан Каспийге дейінгі, Сарыарқадан Алатауға дейінгі аралықты қамтитын алты бағыт бойынша экспедиция ұйымдастырғалы отырмыз. Бір бағытқа 20 млн теңге жұмсалады. Жалпы, экспедицияға 120 млн теңге бөлінбек, – дейді бұл жөнінде Рашид Күзембаев.Бұл қаржы жолға, экспедицияға қатысатын адамдарды тамақтандыруға және де басқа шығындарға жұмсалады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция  18 шілде мен 29 қыркүйек аралығында өткізіледі. Яғни экспедиция құрамындағы 140-қа жуық адам «Тянь-Шань маржаны» (Алматы облысы), «Алтай – өркениет бесігі» (Шығыс Қазақстан облысы), «Жоңғар Алатауы» (Алматы облысы), «Сарыарқа» (Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары), «Теңізден – теңізге дейін» (Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары), «Жаңа Жібек жолы» (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары) атты еліміздің көрікті жерлеріне саяхат жасайды.Осы орайда, Kazakh Tourism  басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсеғалиев экспедиция аяқталған соң, алты бағыт бойынша туристер үшін арнайы жол картасы дайындалатынын атап өтті.– Экспедиция барысында аталған бағыттарға туристерді тарту үшін жол картасы дайындалады. Ондағы мақсатымыз – аталған маршрутты туристік ресурсқа айналдыру. Біз осы алты бағыттан қажетті ақпараттар дайындауымыз керек. Туристерге Kazakh Tourism немесе Qazaq Geography-дің және басқа да серіктестеріміздің сайтына кіріп, тиісті ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі. Осылайша олар осы жерлерге саяхат жасай алады, – дейді Т.Дүйсеғалиев.Сонымен қатар Kazakh TV телеарнасының директоры Сандуғаш Рахимжанова экспедиция аяқталған соң, 30 бөлімнен тұратын деректі фильм түсірілетінін айтады.– Біз экспедицияға қызығушылық таныттық. Кабельдік операторлар жүйесі арқылы әлемнің 100 еліне хабар таратып отырмыз. Қазіргі таңда төрт тілде: ағылшын, қазақ, орыс, қытай тілдерінде хабар дайындаймыз. Сондықтан біз шетелдік көрерменге еліміздің көрікті жерлерін көрсетіп, еліміздің туристік әлеуетін көтеруді көздейміз. Біздің түсіру тобымыз алты бағыт бойынша экспедиция құрамында болады. Нәтижесінде жаңа телевизиялық маусымда Across the Kazakh land атты 25 минуттан тұратын 30 эпизодты фильм түсіреміз. Аптасына шамамен екі эпизодты телеарнадан көрсетуді жоспарлап отырмыз. Олар төрт тілде эфирден шығады, – дейді ол.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16