Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:20, 02 Қараша 2023

«Алтын Орда» базарындағы заңсыздықтар: жауапқа кім тартылады

сы
Фото: из открытых источников

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев "Алтын Орда" базарындағы заң бұзушылықтарға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Сауда және интеграция министрлігі өткен брифинг барысында Алматыдағы ең ірі "Алтын Орда" базарын тексеру қорытындысымен бөлісіп, түп иесі болған Болат Назарбаевтың сауда желісінің иелері қатарында бар-жоғы туралы сұралды.

"Біз көрген, зерттеген құжаттарға сәйкес, ол меншік иесі емес, сондықтан оның жеке тұлғасы туралы бөлек айта алмаймын – Болат Назарбаев базардың иесі, оның адамдары сол жерде отыр деп айтуға заңды тұрғыдан құқығым жоқ. Меншік иелері болып тіркелген тұлғалар бар, бұл ЖШС. Олар жол картасына қол қойды, міндеттеме алды, солардан сұрау болады. Яғни, бұл бүгінде тізілімде тіркелгендер және ресми меншік иелері", - деп жауап берді сауда министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ министр ешбір тарапқа артықшылықтың берілмейтінін айтып, БАҚ өкілдеріне жауап берді.

"Білесіз бе, егер фактілер болса, кез-келген адамды тексеруге болады. Егер Болат Назарбаев тіркелген болса, үлесі болса, келісімшарттарға қол қойса, онда заң алдында бәрі тең. Ешкімге артықшылық берілмейді. Сондықтан біз осы базарды заңды түрде өз атына тіркеген адамдармен жұмыс істейміз", - деді министр.