Алты ауылдың зары

19.03.2020, 13:14

60

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың облыстық қоғамдықкеңес алдындағы есебінде Талас ауданынан келген өңірге белгілі кәсіпкер АқымбекБектаев Талас өзеніндегі су тапшылығы мәселесін қозғап, аймақ басшысынан «Байзақпен Талас ауданының шекарасынан суқойма құрылысын салу» жобасына қолдау көрсетудісұраған болатын. Бұл жобаға Сарысу ауданындағы Талас өзенінің төменгі сағасынен жайлаған алты ауылдың тұрғындары наразы болып отыр.

     Бұл алты ауыл – Тоғызкент ауылдық округінекіретін Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда елді мекендері және Досбол ауылдық округініңқұрамындағы Досбол, Шағалалы және Көкдала. Кезінде арнасынан асып, ернеуінен төгіліпжататын Талас өзенінің суы тартылғалы бері үш жылға жуықтаған. Су барда егін жәнемал шаруашылығын қоса дамытқандарын, енді су тартылғалы ауыл тұрғындары үдере көшебастағанын айтқан жергілікті тұрғындар «Егер онсыз да сылдырап келіп жатқансудың жолын бөгеп суқойма салатын болса, шалғайдағы шаруалардың тұрмысы тұралайды.Тіпті бұл біз қоныс тепкен аумақ үшін экономикалық қана емес, экологиялық қатертуғызып, орасан зардабын тартқалы тұрмыз» дейді.

Болат Жұмаділдаев,

«Нұрлан» шаруа қожалығының төрағасы:

– Ауылда халық негізінен мал шаруашылығы үшін отыр. Әйтпесе қалаға, ауданорталығына көшіп кетер еді. Соңғы үш жылдан бері ағын судың тапшылығын көріпкелеміз. Егер ағын су болмаса, жер астындағы судың да деңгейі төмен түсіп, құдықтанөзіміз ішіп отырған ауызсу ашып, ішуге жарамсыз болып қалады. Мал суару үшінартезиан құдық қаздырып едік, Таластың суы тартылған кезде оның да суы тартылыпкетті. Ал енді Талас өзенінің ортасынан суқойма, бөгет саламыз деген әңгімеайтылып жатыр. Жолдан салынатын ондай суқойма мен бөгеттің өзен  етегінде отырған бізге керегі жоқ. Бабаларымыз«Судың басындағы су ішеді, аяғындағы у ішеді» деген сөзді текке айтпаған. Онсызда қырғыздар суды аз жібереді. Бізге жеткенше жолда талай тоспа бар. Елдің бәріжол-жөнекей су жинап болғанша, өзен табаны қаңсып қалмай ма?

Қамбар Жайлаубаев,

Әбілда ауылының тұрғыны:

– Бұрындары, 80-90 жылдары ауылымызда жүздегенүй бау-бақша егетін. Біздің жақтың дәмі тіл үйіретін торлама қауыны, қазіргітілмен айтқанда, бренд болатын. Қауынқақ, қауынқұрт, қауынішек жасап сатып,пайдасын көргендер көп болды. Ол кезде «Түгіскен» аталған совхоздың осынау қауынтүріне қызығушылардың көптігі сонша – алыс қалалардан арнайы тапсырыс беріп,алып кетіп жататын. Кейіннен ауыл тұрғындары бұл кәсіптерінен қол үзуге мәжбүрболды. Қазір ешкім бау-бақша өсірмейді. Өйткені су тапшы, ала жаздай тынбайеткен еңбегі еш, тұзы сор болып, бір-екі рет шығынға батқан соң қолдарын бірсілтеген. Су – тіршілік көзі, өмірдің нәрі ғой. Сондықтан бұл мәселе оңтайлы шешімінтапса деген тілегіміз бар.

Жансерік Майыров,

Тоғызкент ауылының тұрғыны:

  Жоғарыоқу орнын 1973 жылы бітіріп, осы ауылда еңбек жолымды бастадым. Сондықтан бұлаймақтың мәселесін жақсы білемін. Ол жылдары су көп жайылатын. Талас өзенінің төбесіндеқұс ұшып, үйрек-қаздар келуші еді. Балық аулаған кездер болған. Қазір өзенніңтабанында су тартылып кетті. Сыздықтап ағып жатыр, әйтеуір. Сарысу ауданындағыхалықтың жартысына жуығы, шаруа қожалықтардың 90 пайызы осы өзеннің бойындаотыр. Өзеннің орта шенінен бөгейтін болса, мұндағы халыққа көшуге тура келеді.Сондықтан жоғарыдағы басшылар ауылымызға келіп, мәселені көзбен көрсе дейміз.

Нұрлан Молдабеков,

Досбол ауылдық округінің әкімі:

– Ауылда 4500 гектар шабындық жер және 34мың гектар жайылымдық жер бар. Жалпы, 27 шаруа қожалығы тіркелген, бүгінде оның19-ы жұмыс істейді. Қазір Талас өзеніне жіберілетін 6 текше метр сужеткіліксіз. Жазда тіпті су тартылып қалады. Егер ағын су болмаса, қыстың күні қыраушөп жеген мал іш тастайды. Қазіргі кезде ауылда ірілі-ұсақты 29 мың мал басыбар. Ауыл тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Су болмаса,шаруашылықтың да жағдайы қиын екені түсінікті. Ауыл тұрғындарының ағын су мәселесінайтып, жоғарыдан көмек сұрап отырғаны орынды. Біз де өз тарапымыздан жұмыстар жүргізіпжатырмыз.

Сейітбек Дариябеков,

Сарысу ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

–Қазіргі таңда аудан бойынша 640 шаруа қожалығытіркелген. Солардың жартысынан астамы Талас, Аса өзендерінің бойында отыр. Тоғызкент,Досбол, Байқадам, Жайылма, Жаңаталап ауылдық округтеріндегі фермерлердің кәсібіөзен суымен тығыз байланысты. Егін егіп, бау-бақша өсіріп қарық болмаса да, малынсуарады, жемшөптерін дайындайды. Яғни өзен суын төменгі сағасына дейінжеткізудің маңызы зор.

Ақымбек Бектаев,

Талас ауданының тұрғыны, кәсіпкер:

– Мен «Ақмола» суқоймасын салу мәселесін алғашрет  Қанат Бозымбаев әкім болғанда көтергенмін.Талас өзенінің төменгі сағасынан «Киров» суқоймасына дейін бірнеше рет зерделепжүріп өттім. Ұзындығы 184 шақырымға созылып жатыр. Біздің Талас ауданы Талас өзенініңорта шенінде. Өздеріңізге белгілі, өзен басында Байзақ ауданының шаруаларыотыр.  Байзақтық шаруалар суды өте көп қажетететін қызылша, сәбіз, пияз секілді дақылдар егеді. Ол дақылдарды маусымындакемі 14-15 реттен суғарады. Сосын мұндағы біз судан таршылық көреміз. Сарысудағыағайындар айтпаса да түсінікті. Ал егер «Ақмола» суқоймасын салатын болсақ, үшай қыста суқоймаға суды жеткілікті мөлшерде толтырып алып, ала жаздай соныпайдаланар едік. Бозымбаев менің бұл ұсынысыма қолдау білдіргенімен, іске аспайқалды. Ал одан кейінгі әкім Кәрім Көкірекбаев  бұл жобаны қолдамады. Одан кейінгі әкім АсқарМырзахметов қолға алып бастап еді, бірақ өзі қызметтен кетіп қалды. ӨңіргеБердібек Сапарбаев әкім болып келе салысымен осы жобаны айтқаным сол еді. Бұл үлкенмәселе. Егер бұл жобаны Сапарбаев қолдап, суқойма салынатын болса, Сарысудағы ағайындарпайдасын көрмесе, зиян шекпейді. Өйткені біз бәрін мамандармен ақылдасып, әрбірдеталіне дейін есептеп отырмыз.      

    Жалпы, шаруаларды судан қысу алқымдарынанқысумен бірдей екені белгілі. Бұл ретте Сапарбаев Сарысуға сапарлап, аталғаналты ауылға барып, Ақымбекті қоса алдырып, бұл мәселені біржақты шешіп берсе, қанеки.


Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 12:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 15:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 15:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 15:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04