Алты медицина қызметкерінен коронавирус анықталды

30.04.2020, 17:31

14

Батыс Қазақстан облысында 30 сәуір күнгі мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 8 адам тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz

БҚО әкімдігі мәлім еткеніндей, екі адамның бірі – Ресейде жұмыс жасайтын 29 жастағы облыс тұрғыны, екіншісі – сол елдің жоғары оқу орнында оқитын Шымкент қаласының 18 жастағы тұрғыны.

Олар Ресеймен шектесетін «Тасқала» және «Сырым» автоөткелдерінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес жедел жәрдем шақырылып, карантиндік стационарға жатқызылған кезде ауруға шалдыққаны анықталды.

Қалған 6 адам – медицина қызметкері. Олардың бәрі коронавирус жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкері ретінде тексерілген болатын.

Сегіз науқас та облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 146-ға жетіп, соның 9-ы емделіп шықты.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы мен карантиндік стационардағы дәрігерлер мен медбикелердің үйлеріне бармай, жатақхана мен қонақүйде жатып, қызмет атқарып жүргенін, олардың әр 14 күн сайын сайын скирингтік тексеруден өткізіліп жатқанын жеткізді.

«Сондай тексеру қорытындысы нәтижесінде соңғы екі тәулікте 10 медбикенің ауру жұқтырғаны белгілі болды. Олармен қарым-қатынаста болған 11 медицина қызметкері карантиндік стационарға жатқызылды. Медицина қызметкерлері алдағы уақытта да скирингтік тексеруден өтетін болады», деді М.Арыспаев.

Облыста тіркелген 146 науқастың 119-ы немесе 86 пайызы – дені Ресейден, сондай-ақ Атырау облысынан келгендер, 26-сы – бұрын ауырғандармен байланыста болғандар. Бір науқастың қайдан жұқтырғаны анықталу үстінде.

«Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан науқастардың 80 пайызы жеңіл, қалған 20 пайызы орташа ауыр халде. 6 емделушіде пневмония болғанымен, тыныс алуы қалыпты», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус анықталған 11 науқастың жетеуі Түркістан облысының тұрғындары екендігін жазған болатынбыз.


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

03.08.2020, 15:22
Індеттің шарықтау шегі артта қалды,-Цой
29.07.2020, 12:47
Қазақстанда тағы 208 адам коронавирустан қайтыс болды
27.07.2020, 13:02
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 83 мыңнан асты
25.07.2020, 14:15
Елімізде коронавируспен ауырғандар саны 80 мыңнан асты
22.07.2020, 19:41
Алматыға 34 тонна ковидке қарсы препараттар жеткізілді
21.07.2020, 12:41
"Коронавирус болу" деген не?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16