Алты жасар оқушылар: Ақтөбе мектептеріне бала сыймай жатыр

23.08.2019, 19:36

3

Білім және Ғылым министрлігініңбиылғы жаңа өзгерісін орындаймыз деген Ақтөбенің білім бөлімі енді біріншісыныпқа баратын балаларды мектепке сыйғыза алмай жатыр. Баланың көптігі соншатек бір мектептің өзіне 600 ден аса оқушының құжаты қабылданған. Кейбір ата-аналармектептің басталуына жеті  күн қалса даәлі балаларының құжатын мектепке өткізе алмай жүргендерін айтады. Өйткенімектептерде орын жоқ. 

Өсербай ОРЫНБЕТОВ мектептабалдырығын енді ғана аттағалы отырған ұлының құжаттарын тиісті мекемегеөткізе алмай жүргенінен біраз болыпты. Сөзінше баласын бірінші сыныпқа берудің мұншалықты мұңға айналатынын білмедімдейді. Үйінің қасындағы мектеп басшылығы мектепте «орын жоқ» деген сылтауменбірнеше рет баласының құжаттарын қабылдамай қайтарып жіберген.

«Нолевойға документ дайындап қойдық. Оған орын жоқ деп тұр. Бірінші сыныпқақабылда десек оған да орын толық деп тұр. Солай деп бізді қайтарып жіберіпотыр. Бұл мектеп қабылдамаса сонда менің балам оқуға қатыспау керек па?Оқытқысы келмей тұр. Мектеп ұжымының маған көрсетіп отырған қарсылығы ма деп ойлаймын негізі. Бұл мүмкін емес нәрсе», —  дейді Өсербай Орынбетов.

Мектеп басшылығы биыл біріншісынып оқушыларын шамадан тыс  алыпотырғандарын айтады. Сондықтан  мектептедаярлық тобы мен бірінші сыныпта орынжоқ дейді.

«Біз даярлық тобына елу орын арнадық. Бірінші сыныпқа жүз орын дайындадық.Басында индикативті план бойынша. Бірақ қазіргі таңда бірінші сыныпқа 110 келіп тұр. Даярлық тобы алпыс бала болыптұр. Сондықтан орын болған жоқ», — дейді Ақтөбе қаласы №33 орта мектепдиректорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ағиба ТАЛАСОВА.

Ақтөбенің білім бөлімі болса биылғы мектепке баратынбаланың шектен тыс көптігі Білім және Ғылым министрлігінің жаңа өзгерісіненкейін болып отыр дейді. Биылдан бастап мектепке алты жастан бастап балақайларсабаққа барады.

Қазір қаладағы мектептердіңбарлығы толып кеткен. Деседе келіп жатқан балаларды білім мекемлері қабылдауғамәжбүр. Биыл қала бойынша он бір мыңнан аса бала бірінші сыныпқа құжаттапсырған.  Ал  баланы шамадан тыс қабылдаған жеті мектеп үшауысымдық кестесімен жұмыс жасайтын болады.

«Батыс 2 ауданындағы №63, 64 мектеп, Болашақ ауданындағы №68 мектеп, №23мектеп, үш ауысымға көшіп кету қаупі туындап және ең көп балаларды қабылдағанмектептердің қатарында тұр. №60 мектепте әлі де үш ауысым мәселесі сақталады»,-  дейді Ақтөбе қаласы білім бөлімібасшысының орынбасары Жұлдыз ШАЛАБАЕВА.

Білім бөліміндегілер биылғы жаңаоқу жылында баланың көптігі сонша биыл пайдалануға берілетін үш жаңа мектеп те мәселенішеше алмай отырғанын айтады. Мәселен Нұр Ақтөбе деп аталатын шағын мөлтекауданындағы жалғыз мектеп бірінші сыныпқа 600 ден аса баланың құжатын қабылдаған.Алайда мектепке сыймаған  оқушылардыжақын маңдағы мектептерге ауыстырып, оларды тасымалдауға дейін жағдай жасапотырғандарын айтады.

Фото автордікі.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34