Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:25, 07 Мамыр 2020

Алтын Орда және қазақ даласы

Ел ПрезидентіҚ.К. Тоқаев Алтын Орданың тарихтағы орнын қазақ мемлекеттігінің бастауы депбіледі.

Қасиетті Ұлытауға барған сапарында «Ұлытау халықаралық деңгейдегіэтнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды АлтынОрданың  750  жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек»деген еді.

Иә, Алтын Ордатарихы алып империяның тарихы ғана емес, ол біздің мемлекеттігіміздің дебастауы. Сонымен…

… Шыңғыс ханОнон мен Орхоннан шығып қара дауыл құйындай Қытайды шауып, ат басын 1218 жылыҚазақ даласына бұрды. Олар Қытайдың зеңбіректерін, отқаруларын, қабырғақұлатқыштарын ала келді. Енді олар бұрынғыдан да күшті армия құрды.

Моңғоләскерлері әркімнің діні өзіне деп ұрандайтын. Бұл ішкі тайталасты туғызды. Өзбилеушілеріне наразы халық Шыңғысхан жасағына аса қарсылық та білдірмегендейеді.

Ұлан байтаққазақ даласы Шыңғысхан үшін таптырмайтын қоныс болды. Малға да, адамға да,жасаққа да жайлы.

Жетісудышапқан Шыңғысхан әскері Сырдария мен Хорезмге қарай бет алды. Өйткені Отырардаболған қанды қырғын Шыңғысханға тыныштық бермеді.

Хорезм шахтыңОтырардағы сенімді билеушісі 500 түйеден тұратын моңғолдың керуенін тоқтатып,450 керуеншіні өлтірді, — деп жазылды бұл туралы 1943 жылы шыққан «История Казахстана»атты кітапта. Иә, тарихи дерек осылай дейді.

1219-1221жылдар арасында Шыңғысхан армиясы тұтастай Орта Азия мен Хорезмді жаулап алды.

Қазақтын ұланғайырдаласын қалай басқару керек? Міне, осы сұрақтар Шыңғысханды қатты мазалады.Өзен-көлі де, теңізі де, жайылымы мен егістері де бар жерді басқару оңай емес.Сондықтан да ол Қазақ даласын өз ұлдарына үлестіріп бергенді жөн көрді.

Шыңғысханүлкен ұлы Жошыға негізінде қазақ даласын тұтастай билеуге, ал ШағатайғаЖетісудың Оңтүстік өлкесі мен Зеравшан жағын берді. Екі ұлдың үстіндеШыңғысханның өзі тұрды.

«Екі қошқардыңбасы бір қазанға симайды» деген қазақ мақалы шындыққа ұласты. Жошы мен Шағатайбір-біріне бағынудан қалды. Әсіресе, Шыңғысхан өлген соң ағайынды екеудің арасыбітіспес жауыздыққа ұласты.

ХІІІ ғасырдыңортасына қарай біркелкі моңғол билігі шытынап, іргесі сөгілді. Оған 1246 жылғы құрылтай себеп болды. Ұлы қаған болыпШыңғысханның немересі Күйік хан ақ киізге көтерілді.

Бұл биліктібөліп жіберді. Жас қағанға Жошының ұлы Батый бағынғысы келмеді.

Және олКөкорда, Ақорда деп атала бастады. Шығыс деректерінде Көкорда деп аталса,Еуропа мен Орыс деректерінде Ақорда, кейін Алтын Орда деп атала бастады. Олтуралы дерек 1564 жылы жазылған  «Қазанхандығының тарихы» атты кітапта айтылады.

Алтын Орда депнеге аталған? Бұл туралы нақты дерек жоқ. Кейбір аңыз әңгімелерде Өзбек хантаққа отырған соң шетелдің елшілері мен саудагерлерін алтындатқан шатырдақабылдаған. Содан кейін Алтын Орда аталып кеткен көрінеді. Қалай болғанда даАлтын Орда Дешті Қыпшақ даласы мен Русьте үлкен саяси-экономикалық рөл атқарды.

1255 жылыБатый дүние салды. Ол кезде Батый бар болғаны 48 жаста еді. Ол моңғоләдет-ғұрпы бойынша шамандардың қатысуымен жерленді. Таққа аурушаң Сартақ отырыпекі жылдай хан тағына иелік етті. Сартаққа ұлы хан Мөңкенің өзі бата берді.Гильум Рубрук пен Парсы тарихшысы Джузжанидің деректеріне қарағанда ол христиандінін қабылдаған. Бірақ оған қарамастан алты әйел алады. Таққа мұрагерлер қажетеді.

Жошының үшіншіұлы Батыйдың інісі Берке хан таққа отырды. Бұл кезде ол темір үзетін жаста еді.Елу бестер шамасында. Ол көзі қарақты, ел басқарудың жаңа жүйесінқалыптастырды. Қағандыққа қарайтын Ресей жерінде салықты реттеу үшін санақжүргізді. Бұл 1257 жылдарды қамтиды. Салық жинаушылар басқақ деп аталды.Олардың арасында татарлар да, моңғолдар да, қыпшақтар да, орыстар да болды.Олар хан қызметкерлері болатын.

Берке Исламдінін қабылдап, оның таратушысы да болды.

1259 жылыМоңғол империясының астанасы Қарақорымда ұлы Мөңке хан дүние салды. Енді билікүшін, тақ үшін жанталас тіпті күшейді. Таққа Құбылай мен Арықбұға таласты. Екеуіде Шыңғысханның төртінші ұлы Толыйдың ұлдары еді.

Күрес 1264жылы Құбылайдың пайдасына шешілді. Бірақ Берке хан ұлының есімі жазылған тиындышығаруды тоқтатты. Осылай Алтын Орда «Ұлы қағанның ұлысынан» біржола бөлініпшықты.

Персия менҚосөзен бойында енді тәуелсіз Хұлагу ұлысы пайда болды. Орта Азияда Шағатайұлысы құрылды. Оның астанасы Самарқанд болды.

Алтын Ордаөзінің географиялық жағынан ұланғайыр өлкені қамтыды. Оның бір шеті Венгрия менсолтүстігінде Орыс князьдіктерімен шектесті. Қара теңіздің жағалауларымен Дунайбастауымен бүгінгі Сочиге дейін Қырымды қосқанда Алтын Орда ұлысына кіретін.

Алтын Орда менХұлагу хандығы Кавказды иемдену үшін жанталаса күресті. Ал шығысында Алтын ОрдаОб пенен Енисей бастаулары бойына иелік етті.

Басыбірікпеген Шыңғысхан тұқымдары ақыр соңында алып империяны бөліп бөліп алды да,бір-бірімен аяусыз күрес жүргізді.

ХІV ғасырдыңбасында Өзбек хан таққа иеленіп, Алтын Орда қайта біруысқа жинала бастады. 1312-1340жылдар Алтын Орданың дәуірлеген шағы болды. Ірі-ірі қалалар салынды. Оныңалғашқы астанасы Ұлы Бұлғар елді мекені болды. Осы жерде Алтын Орданың тиындарықұйылды.

Қыш, металлургия,былғары, құрылыс, сүйек өңдеу, зергерлік бұйымдар жасалып, сауда орталығынаайналды. Өзен портына жан-жақтан сауда кемелері келіп жатты. Ол «Аға базар» депаталды. Бұл жерде ішкі және Орта Шығыстан, Батыс Еуропадан сауда кемелерітолассыз келіп жатты.

Мұнда сан түрліұлттар тұрды. Діндері бөлек болды. Мұсылман мешіттері мен христиан шіркеулеріқатар тұрды. Осы жолдың авторы сол тарихи орында болып, көне және қазіргіжағдайын оқырманға жеткізе кеткісі келеді. Сол кен орындары мен металлургиялықпештердің қалдықтары әлі де бар екен. Сол жерде үлкен этнографиялық қалашықсалынған.

Айта кетелік,Батый хан Орталық Еуропаны шауып келген соң,  Еділ (Волга) бойындағы Ақтөбе деген жерге келіп тоқтайды. Бұл бүгінгіАстрахань қаласынан 120 шақырымдай жерде. Сол жерде өзеннің биік жар қабағына тұрыпБатый ұлан асыр далаға көз салады. «Мен бұдан кең даланы, бұдан артық жазықты,жайылымды, мұндай сәф ауасы бар жерді көрген емеспін. Болды. Енді осындатұратын боламыз» дейді. Осылай өзен «Болды», орысша бұрмалап «Балда» деп аталыпкетеді.

Қала СарайАл-Махруса (Құдай қолдаған сарай) немесе Сарай- Бату деп аталады.

ХV ғасырдыңбасында бұл қалада 75 мыңға жуық адам тұрса керек. Дәл сол кезде Париж бенРимде 25-30 мың ғана адам тұрғаны тарихтан белгілі.

Қаладамешіттер, медреселер, моншалар мен жабық базарлар, керуен сарайлар салынды.

1282 жылыАл-Махруса сарайында тиын құйыла бастады.

Бұл Еділ бойындағыгүлденген қала болды. 1438 жылы Тараздан келген саудагер мынандай дерекқалдырыпты.

Хорезм асыпкелген саудагер 21 мың динарға сауда жасап 50 пайыз пайда тауыпты. ОғанСарай-Батудан жібек, атлас, мауыт сатып алады. Ол Батыс пен Шығысты жалғастырыптұрған ірі қала болыпты.

Бірақ қалатағдыры адамдардың тағдыры сияқты аянышты болады екен. 1588 жылы Федор Иоанновичпатша Алтын Орданы қиратып, мешіттер мен медреселерін, сауда палата орындарыныңкүлін көкке ұшыру және бөлек Астрахань қаласын салу жөнінде жарлыққа қол қояды.Ал ХVІІІ ғасырда ұлы Петр – І Сарай Бату қаласының орнында селитра зауытынсалуды жүзеге асырады.

Ф.В. Баллодпен П. Рыков ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Сарай-Батый қаласынаархеологиялық қазба жұмыстарын жүргізеді. Оны «Еділ бойының Помпеясы» депатайды.     

Соныменархеологиялық жұмыстар нені көрсетті? Ірі-ірі сарайлардың орны, олар ыстықауамен жылытылған. Хауз, одан әріректе биікте тұрған тақ алтынмен апталған түскиізқалдықтары шыққан.

Екі күндікжолда хан қорымы бар екен. Онда Алтын Орданың хандары немесе сұлтандарының төрелелеріжерленген. Жергілікті халықтың айтуынша Өзбек хан осында жерленіпті. 1395 жылыАқсақ Темір қаланы шапқанымен оны қиратпаған. Оның сыры Өзбек хан қорымыменбайланысты болуы да мүмкін.

ХІІІ ғасырдыңсоңында бүгінгі Астраханьнан 12 шақырым жерде Ас-Тархан қаласы салынған. Ол даАлтын Орда қаласы. Бірақ ол астана  мәртебесін алмаған.

Ірі саудаорталығы. Еділдің оң жағалауындағы биік жерде орналасқан. Тарихта аты қалды.Араб саяхатшысы Ибн-Батута XIV ғасырдың 30-шы жылдарында осында  болып«Үлкен базарлары бар сәулетті қалалардың бірі» деп дерек қалдырыпты.

1396 жылыТемір лашкерлері Ас-Тарханды тонап, оны өртеп жіберген. Бірақ Иософата Барбораатты Венециандық дипломаттың жазғанында Ас-Тарханның күлталқаны шыққан қалаекен деп жазады. (Барборо и Канторини о России к истории итало-российскихсвязей в ХVІ веке. Ленинград. Наука. 1971. 157 с.).

ХІІІ ғасырдыңаяғында Берке хан Алтын Орданың тағы бір қаласын салды. Ол Сарай-Берке (Сарайәл-Жедад — жаңа сарай) деп аталды. Бұл жөнінде әртүрлі дерек бар. Біртарихшылар Сарай-Беркені Өзбек ханның атымен, ал кейбіреулері Жәнібек ханныңатымен байланыстырады. ХІV ғасырдың басында, 40- жылдарда Жәнібек ханныңтиындары соғылғаны тарихи ақиқат. Бұл күнде Ресейдің Волгоград қаласынан 55шақырым жердегі Ақтөбе өзенінің сол жағалауындағы қаланың қираған қалдықтарынәлі де көруге болады.

Арабсаяхатшысы Ибн-Баттута 1333 жылы Сарай-Беркеде болғанын төмендегіше сипаттайды:«Сарай жазық жерде орналасқан, әдемі базарлары бар, кең көшелі, адамдары көп,дамыған сұлу қалалардың бірі. Бірде атқа мініп қала ақсақалдарының бірімен оныңаумағын білу үшін арнайы аралауға шықтық. Біз қаланың бір шетінде тұратын едік.Содан таңертең шығып, екінші шетіне түс ауа жеттік… Ылғи үйлер мен үйлер. Бір бос орын, не  бау-бақ көрмедік». (Сонда 157б.)

Сол деректердіоқысаңыз таң қаласыз. Үйлердің көпшілігі өрнектелген, су құбырлары мен жылужүйесі болған. Көпшілігі кірпіштен салынған.

Қала шетіндебау-бақтармен көмкерілген ақсүйектер мен байлардың  сарайлары бар. Әлемнің әртарабынан саудагер,көпестердің бірі келіп, бірі кетіп жатады. Ресейден Еділдік Болгарлардан  тон, морж тұмсықтары, былғары, нан, жүн, алБалтық бойынан — моншақ, Еуропадан, Мысыр мен Сириядан Генуияның, Қырым менТавриядағы колониялары арқылы шарап пен әйнек, мауыт(сукно), қару-жарақтар менәшекей бұйымдар келіп жатты. Кавказдан – самшит, Орта Азия мен Қытайдан мата,мақта өнімдері, жібек маталар, фарфор, Арабиядан тәттілер мен әшекей бұйымдаркеледі екен.

Профессор Ф.В. Баллод Сарай-Беркенің көлемі 48 шаршы шақырым деп бағалапты.

ХІV-ХV ғасырлардағыорта ғасырлық географиялық карталарда  Еділдің екі жағалауында басқа да бірнешеқалалардың болғандығы көрсетіледі.

1375 жылғыКаталон картасында Бельджимане деген қала тұр. Мұны араб жағрафияшысы Абудариде көрсетеді. Бұл бүгінгі Саратов облысында тұр. Ол су қала деген ұғымдыбілдіреді.

Су қаланыңбатысында Укек деген қала болған. Ол 1333-1334 жылдары салынған шағын қала.Жоғарыда айтқан Ибн-Баттута Укек туралы былай деп жазба қалдырған. «Біз Укекқаласына қарай бет алдық… Ол орташа қала. Бірақ әдемі құрылыстары бар.»

Укектұрғындары Ислам дінін ұстанған екен. Бірақ археологиялық қазбалар мұндахристиандар да тұрғанын айғақтайтын кресттер кездестірген. Укекте 1395 жылыАқсақ Темірдің қаһарына ұшырап жермен жексен болған.

Кама бойында да Алтын Орда қалалары бой көтерген.Жүкетау, Краснохуторское, Павловское, Тишанское, Дурновское, Глазуновское,Құмылшы, Сытникова, Азак секілді қалалардың барлығы Алтын Орда дәуірініңескерткіштері.

Бұл Алтын Орданыңтек шапқыншылықпен айналыспай, үлкен өркениет қалыптастырғанының айғағы. Осылайұлы дала бойында әкімшілік-сауда орталықтары құрылған. Сауда-саттықпен біргеқолөнері, әдебиет пен мәдениет, сәулет өнері дамиды. Медреселер арқылы білімдіұрпақ орнықты. Әлемдік керуен жолдары арқылы да,  су көздері арқылы да керуендер ағылып келіпжатты. Батый хан дәуірінен бастап Алтын Ордада пошта байланысы да орнықты. Бұлдеректер Джувейни мен Рашид-ад-дин сынды тарихшылардың еңбектерінде бар.

Пошта бекеттеріең әуелі Қарақорым мен Бежинді жалғастырған. Рашид-ад-диннің дерегі бойыншаәрбір бес фарсах, яғни 25-30 шақырым сайын 37 ям, яғни бекет болған. Онда мыңғажуық адам тұрған. Олар бекеттерді, жүргінші, елшілер мен сауда керуендерінқорғаған. Лау аттары дайындалған.

Патшалық Орысмемлекеті татар, моңғол билеген заманды бұрмалауға мүдделілік танытқан. КеңесОдағы кезінде де бұл үрдіс жалғасын тапты. 1944 жылы ВКП(б) орталық комитетініңарнайы қаулысы шыққан.  Осылай, АлтынОрда дәуірін зерттеуге, оқытуға тыйым салынады.

Қазақ даласыАлтын Орда тұсында құлдырауға ұшырамапты. Өйткені бұл кезде моңғолшапқыншылығына қарағанда, бұл өлкелер экономикалық жағынан орнықты,мәдени-рухани жағынан жоғары деңгейдегі халық болатын. «Қырым, Приазов өлкесі,Аму-Дария мен Сыр-Дарияның төменгі жағы өрлеу үстінде болды. Алтын ОрданыңСарай-Берке, Сарайшық, Сығанақ, Үргеніш, Кафа (Феодосия), Астрахань және басқада қалалары болды». (История Казахстана. Издание 1943 года.).

Иә, ХІVғасырдың аяғына қарай Дешті Қыпшақ даласының Шағатай ұлысына қарайтын оңтүстікөңірінде феодалдық патриархалдық жағдай қалыптасты. Шыңғысхан тұқымы негізіненбилікке ие бола алмай қалды. Моғолстан бой көтерді. Оны Полатшы Әмір құрды.Бірақ халықтың санасында қалыптасқан салттан аса алмай, сұлтан Тоғлық Темірдіхан көтерді. Бұл кезеңде Моғолстан күрт көтерілді. Бірақ халықтың басы  ортақ мақсатқа жұмыла алмады.

1362 жылыМоғолстанда тағы да тақ үшін күрес өршіді. Өзбек хан өлгеннен кейін әр ұлысөзін тәуелсіз, еркін сезінді. 1362-1380 жылдар аралығында Алтын Орданың он төртханы ауысқан екен. Жоғарыда айтқанымыздай Алтын Ордадан Ақ Орданың бөлініпшығуы болашақ қазақ хандығын құруға жол салды. Сығанақ қаласын астана еткен АқОрда да үлкен саяси сындарлы сыннан өтті. ХІV ғасырда Алтын Орда ханы Тоқтыдүние салды. Сасы Бұқа Алтын Орданың өкілі ретінде Ақ Орданы биледі. Одан соңтаққа оның баласы Ерзен отырды. (1320-1345). Ол біршама табыстарға қолжеткізді. Көптеген медреселер ашылды, мешіттер бой көтерді, сәулеткерлік дамыды.

Тарихидеректерге қарағанда Ерзен өлген соң өзара тартыс тіпті күшейіп кеткен.1350-1364 жылдары сегіз ханның бәрі де дүниеден өз өлімімен өтпеген.

1346-1350жылдары Алтын Ордаға оба індеті келді. Бұл Қытайдан келген індет болатын.Дешт-Қыпшақты індет жайлады. Әрі ол Қырым мен Еділ Бұлғарларына жойқын өлімалып келді.

Ескі славянтіліндегі Орыс жылнамасына назар аударалық: «Бысть от бога на люди подовосточною страною, на город Орнач (Үргенш –У.Қ.) и на Хазьторкань (Астрахань — У.Қ) и на Сарай и на Бездеж ( Бельджамин – Едільдегі қала – У.Қ) и прочие градыв странах их, бысть – мор силен на Бесерманы (мұсылмандар – У.Қ) и на Фрязы и на Черкасы и на всех иаможивущих, яко не бе кому их погребати».

Сонда өлілердікөмуге тірілер табылмаған ғой. Сол дерек бойынша бір ғана Қырымда 80 мың адамопат болған.

Бұл АлтынОрданың ықпалының төмендеуіне және ыдырауына басталған жол болатын.

Орыс ханныңтаққа отыруы ішкі бүлікке тыныштық алып келді. Ол Алтын Орданы қайта жаңғыртуғакүш салды. Ақ Орда мен Алтын Орда бір мәмілеге келді. Бірақ ішкі қыжыл мүлдембасылмаған еді. Әмірдің бір ұлы Тоқтамыш Орыс ханға бағынудан бас тартты.Сөйтіп Мавреннахрдың билеушісі Темірге барып қосылды. 1377 жылы Орыс ханөлгеннен кейін Тоқтамыш Сығанақты билеп қана қоймай Алтын Орданы өз билігініңшегіне кіргізді. Бірақ Мавреннахрда Барлас руынан шыққан Әмір Темір биліккекелді. Ол Самарқандты астана жасады.

Ол әскерибасшылығы биік, жауға шапқанда алдыңғы шепте жүретін қолбасшылық мінезіменәскердің рухын көтереді. Сырдарияның отырықшы өлкелерін өзіне бағындыру арқылыол әскерлердің азық-түлік мәселесін шешті. Осылай Сыр-Дария мен Әму-Дарияныңшекарасынан асып көзін Персияға, Солтүстік Индияға, Кіші Азия мен Кавказ жаққатікті.

Әмір Темір1391 жылы Алтын Орда ханы Тоқтамышты күйрете жеңді. Енді қазақ даласын тұтастайбасқаруға ниеттенді. Әмір Темір хан түбімен ғана емес, діни өзгерістер арқылыхалық жүрегіне жол іздеді. Қираған Ашпар қаласын қалпына келтірді. Түркістандаатақты Қожа-Ахмет Яссауи мешітін салдырды.

Күш жиып,кәсіби лашкер шебін жасақтаған Әмір Темір 1395 жылы Алтын Орданың айбыны — Сарай-Беркені басып алды. Жоғарыда жазылғандай ол Сарай- Беркені жермен жексенетпеді, өртемеді де. Осылай өзінің үстемдігін дәлелдеді. Әрі Алтын Орданың бұрынғыүстемдігін жойды.

1405 жылы ӘмірТемір дүниеден өтті. 1425 жылы Темірдің немересі Ұлық-бек ғалым Моғолстандыжауламақ болды. Бірақ кескілескен күресте Моғолстан өзінің тәуелсіздігін сақтапқалды. Таққа Есен-Бұғы отырды. Алтын Орданың ыдырауына орай Ұлы далада Өзбекжәне Ноғай хандығы құрылды. Бұдан кейін олардың ішінде тақ таласы басталды.Өзбек хандығына Сұлтан Орда Ишен мен Шыңғысханның немерелері  Шейбани ханның тұқымы күреске шықты. 1428жылы Шейбани тұқымы  Әбілхайыр хан таққаотырды.

Жәнібек ханмен Керей хан олардан қашып Моғолстанға келді. Олар жаңа Қазақ хандығының туынкөтерді. Алтын Орда елдің әлеуетін де өсірді және жаңа мемлекеттер құрылуыныңбастауы болды.

Иә, осылайқазақ хандығы құрылды. Қазақ мемлекеттігінің қиын да қастерлі жолы басталды. 

Уәлихан Қалижанов, 

Қазақстанның Еңбек сіңіргенқайраткері,  ҰҒА академигі

Тегтер: