Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:06, 12 Қыркүйек 2019

Алтынбек және «Өркен-Горизонт»

Көрнекті мемлекет қайраткері Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ туған күні қарсаңында біз асыл азаматтың еңбек жолына көңіл бөліп, «Өркен-Горизонт» газетін қалай басқарғанын журналист РысбекҮРКІМБАЙДАН сұраған едік.

Рысбекаға, Алтынбек Сәрсенбайұлы басқарып тұрғанда «Өркен-Горизонт» газеті мықты шықтыдегенді жиі естиміз. Өзіңіз қызмет еткен газет несімен мықты еді?

«Өркен-Горизонт»,негізінен, 1988-95жылдараралығында  екі тілде апталық басылымретінде шықты. Алматыдағы жоғарыоқу орындарының көптиражды газеттерінің басын біріктіріп, «Өркен-Горизонт»апталығын шығарды. Өзім қызмет еткендіктен мақтағаным емес, жас та болса,біздің газетті оқырман  іздеп жүріпоқыды. Әсіресе үлкен қалаларда.  Қазіройлап қарасам, 1990 жылдың соңына қарай, редактор Алтекеңнің кезінде, «Өркенде»аса бір тәжірибелі, мықты журналистер де жұмыс істемепті. 1990 жылы күзде теміржолданмен келдім, Ғабит Мүсіреп, Серікқали Мұқаш деген студент жігіттер, ФирузаЖақсылықова деген жас қыз болды. Тәжірибесіз, қаламымыз ұшталмаған жастар едік.Әбдіжамал Сапарқұлов жауапты хатшы, Жазира Жақсылықова деген қыз машинистка,Ұлбала Жүзеева корректор болды.  Бізден,қазақ редакциясынан гөрі орыс бөліміндегілер елге танылып қалған сақа тілшілереді. Орыс редакциясында Владимир Зенкис, Вадим Борейко, Любовь Краснова, ГаляГалкина, Сергей Кузовников, Миртай Ақшолақов, Роман Тоқбергенов, ТемірланЖиенғалиев және басқалар еңбек етті. Алтекеңнің өзі де жас қой, жастығына қарамай,орыс редакциясын мойындата білді. Аз уақыттың ішінде жастар басылымын саяси-әлеуметтік басылымға айналдырып жіберді. «Газеткебатыл пікір айтатын, көзі ашық авторларды тартыңдар» дейтін. Қазіргімемлекеттік хатшы Марат Тәжин сол кездері КазМУ-де сабақ беретін.  Бізге «Марат Тәжин сияқты білікті мамандарданпікір алыңдар» дегеннен жаңылған емес. Сол кездері, ұмытпасам, ЖаңабекШағатайдың «Назарбаевтың бес қателігі» деген мақаласы жарық көрді. Ол уақытоппозицияшыл партиялардың шыға қоймаған кезі.   

– Тақырыпты қалай таңдаушы еді? Жазған дүниені шығармайқоятын әдеті бар ма еді?

– Керісінше, қоғамдағыкемшіліктерді қалдырмай жазыңдар дейтін. Өзі қорықпайтын. Жазған мақалаңның шындәлелі болса, кез келген тақырыптағы мақаланы басатын. «Саяси тақырыпқа барыңдар»деп жиі айтатын. Мәскеулік орталық басылымдарды бізге үлгі қылып көрсететін.  Бірақ, шынын айтқанда, дәл сол кезде саясатқа біздіңтісіміз өте қойған жоқ. Бірде қызық болды. Жастар газетіне қазіргідейәнші-бишілерді беріп тұратынбыз. Студент Қыдырәліні (Болманов)  бірінші боп өзім жазғаным есімде қапты. СолҚыдырәлі аты дүркіреп шығып жатқан  ЖанарАйжановаға ілесіп концерт беретін. Бірде редакцияда жиналыста отырғанбыз,редактор «не ұсыныстарың бар?» деді. Мен «Жанар Айжанованы берейік» деймін. Оныестімегенсіп, басқа әңгімеге айналып кетеді. Мен тағы да «Алтеке, ЖанарАйжанованы берейік. Қазір бәрі оны тыңдайды» деймін ғой. Тыңдамады. Үшінші рет тағыайттым. Сөйтсем, «сен не, Жанар Айжановаға ғашық болып қалғансың ба?» деп қойыпқалғаны. Сол кез есімде. Жеңіл-желпі емес, салмақты дүниелер беріңдер деп талапқоюшы еді.

Бірақ, 1991 жылдыңбасында редакцияға Жанарбек Туғанбаев, Рымтай Сағымбекова, Қайрат Әлімбек,Болат Шарахымбай, Біржан Белғараев, Мақсұт Дүйсеков, Жарас Сәрсек және өзге де жаңа толқынжурналистер легі келіп қосылды. Біртіндеп біз де тәжірибе жинай бастадық.  

Сіз жаңа журналистикаға теміржолдан келдімдеп қалдыңыз...

Иә, солайболды. Менің алғашқы редакторым Алтекеңнің өзі. Бала күнімде журналист болу арманым еді. Алайда әпкемНұрлытай Үркімбай «бір отбасыға бір журналист жетер, басқа мамандық таңдағаныңдұрыс» деген соң теміржолшы ағамның ақыл беруімен Алматы темір жол көлігіинженерлері институтына түскенмін. 1988 жылдан бастап Алматы локомотивдепосында машинистің көмекшісі болып жұмыс істедім. Ал енді меніңжурналистикаға келуіме түрткі болған ақын Фариза Оңғарсынова. Әпкем Фаризаапаймен жақсы араласты. Апай мені көргенде «Рысбек, сен неге темір-терсектіңортасында жүрсің? Журналистикаға келмейсің бе?»  деп ылғи айтатын. Апайдың осы сөздері қамшы боп,әпкеме ойымды айтып едім бұл жолы «өзің біл» деді.

Алғаш  «Өркен-Горизонтқа» әпкем  алып барды.  Алтекең көп ойланбай, «жазып көр» деді. Сосын,«не туралы жазасың?» деп өзіме сұрақ қойды. Мен «Алматыдағы теміржолдамамандардың, оның ішінде басшылықтан бастап, қарапайым қызметкерге дейін 85пайызы орыстар. Неге олай? Осы жағы ойландырады» деп едім, «дәл осыны жазыпкел» деді. Ұмытпасам, «Жас жұмысшылардың жайын ойласақ...» деп тақырыпқойып,   қазақ жастарының Алматыда қала алмайтынын, тұрақтытіркеулері жоқтықтан пәтер берілмейтінін, керісінше, Ресейдің кез келгенжерінен келген орыс мамандарына үш айға жетпей Алматыдан баспана берілетінінжаздым.  Мақалам жарияланды. Қанаттаныптағы  біреуін жаздым. Дегенмен әлі де теміржолда  машинистің көмекшісі болып жүрдім.

Бір демалыстан соңредакцияға келсем, жігіттер «редактор сені іздеп жатыр» деді. Барсам, Алтекең «мақалаңұнады, жақсы жазыпсың, бізге жұмысқа келесің бе?» деп сұрады. «Келемін» дедіммен. Ол кісі теміржолда алатын жалақымды сұрады.  Пойызға шықсам 300-400 сом,  резервте болсам 250 сом алатынымды айтып едім,редактор күлді. «Бізде ондай айлық жоқ. Қазір алсам, тілші ретінде  аламын. Ол 160 сом. Бірақ,  ашығын айтайын, 160 сомды да  бірден бере алмаймын.  Әзірге жарты ставкаға жасауың керек. Егержақсы істеп жатсаң, онда 2-3 айдан кейін көреміз» деді. Сонымен, 300 сомайлығымды тастап,  80 сомдық  жұмысқа тұрдым. Онда 26 жастамын. Бірақ бірайдан соң толық ставкаға алды. Одан бөлек қаламақы бар.

–Алтынбек қанша жаста еді?

–Менен екі жасүлкендігі бар, 28 жаста. Бірақ өте ересек көрінеді. Сосын, сұсы бар. Бірқараған кезде мысы басып тұратын.

– Қатал ма еді?

Сырттайсұсты болғанымен, жұмыс барысында мүлдем басқа еді. Өте қарапайым, әділетті екенінаңғардым. Бастықтардың түр-түрі болады ғой. Көп бастықты көрдік. Қарамағындағылардыуысында ұстап,  мен бастықпын деп кеудесоқпайтын.  Қызметкерлердің бәрінееркіндік берді. Біріншіден, шығармашылық еркіндік береді. Адамның жеке басынсыйлай білетін. Дауыс көтеріп айқайлауды білмейді. Ар-намысыңа тиетін сөзайтпайды. Ал егер біреу  ұнамайтын болса,онда оны жұмыстан шығара салатын. Оған ұрсып, артық әңгіме айтып жатпайтын.Сосын, өз ойы бар жандарға құрметі ерекше еді. Елдің ойы өзіне ұнамауы, бұрыс-терісте болуы мүмкін. Бірақ әркімнің өз пікіріне қарсы шығып, сөкпейтін. Редакторбасымен қарапайым киінетін. Сол заманда газет-журналдардың редакторлары ықпалдыеді. Бәрі Үкімет гаражынан АТГ сериялы жаңа «Волгамен» жүргенде Алтекең ғанаескі «Волга» мінді.

Сол кездеріестігенімді айтсам, белгілі газеттердің редакторларында бөлімдерге кірмейтінережесі болыпты. Анда-санда жақсы материал шығып қалса, сол бөлімге бас сұғып,тілшіні, бөлім жетекшісін бір ауыз мақтап қана кетеді екен. Әйтпесе әр тоқсандабір мәрте редакцияны аралап шыққандай болады екен. Ал бас редактор келген кездебүкіл журналист орындарынан тік тұрып қарсы алатын дәстүр болыпты. Және бұлжылдың  айтулы оқиғасына саналыпты. Біз Алтекеңненондайды көрмедік, ол қашанда тілшілердің ортасында жүрді.  

–Бұл енді90-жылдардың басы ғой. Алтынбек жаңа форматтағы редактор, советтікбюрократиялық мінезден ада болатын кезең емес пе?

Меніңше,бәрі адамның өзіне байланысты. Редакциямызқазіргі Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясында болды. Баспаханамыз Көкбазардың қасында. Әдетте басқа редакцияның редакторлары бет шығып жатқанда қолқоятын бетті сол жақтан алдыртады. Яғни кезекші бетті (газеттің басуғажіберетін қатталған беті)  бас редакторғаалып барып көрсетіп, қол қойғызып, баспаханаға қайтадан апаратын. Кейде түнгеқарай редакторлар верстка бетін үйлеріне алдыртады. Алтекең ешкімді олай әурегесалмайтын. Беттерді көргісі келсе, баспаханаға өзі баратын.

Біз сол кезде «Қазақәдебиетінің» корректорлар бюросының бір бұрышында екі үстел мен екі орындыққана сыятын шағын бөлмеде отырдық.   Бір күні Алтекең келіп қалды. Корректор қыз, нөмірдіңкезекшісі мен және «Қазақ әдебиетінің»  бір қызметкері –  үшеуміз отырғанбыз, Алтекеңе отыратын орынжоқ. Орнымнан тұрып едім, «жоқ, отыра беріңдер, жұмыстарыңа кедергі болмайын» деді.Қашанғы әдетімен көзілдірігін төмен түсіріп бір басып қойды да, үстелдің біршетіне қиғаштай отырып газет беттерін қарап шықты. Сосын, біз алып келген алмұрттыңбіреуін сұрап алып, шығып кетті. «Қазақ әдебиетінің» қызметкері ол кеткен соң,«бұл кім?»  деді.  Кім екенін айтып едік, «Осындай да басредактор бола ма?  Біздің редакторларкорректорлардың бөліміне де келмейді. Керек болса, өздеріне шақыртады»  деп таңғалды.  

Сол совет заманында«ішімдікке қарсы күрес» деген болды. Бүкіл жүзімдіктерді отап, үй-үйлердіаралап, тексерістер басталды. Кешке қарай аялдамада отырсаң милиция машинасытоқтап, «ішіп алмадың ба?» деп аузыңды иіскейтін. Арақ ішкеніңді біліп қойса,бірден ұстап алып кететін. Ал егер жұмысыңа ол туралы хат келсе, тіптен қиын. Жұмыстанқуыласың. Бірақ Алтекең ондайларды жұмыстан шығармайтын. Егер өз жұмысына тиянақтытілшісі милицияға түсе ме, ішімдік іше ме, ондайға мән бермейтін. Редакциямыздан жігіттер ұсталып, кәдімгідей сот болған.Сонда Алтекең өзі  барып,  жігіттерді қорғап қалды.

Жұмыстанөзге кезде қандай еді?

Жұмыстантыс тығыз араласқан емеспін.  Бірде үйінде болдық. Мәскеуде оқып келіп, ҚазТАГ-та жұмыс бастаған сәтінде үкімет «Самалдан»екі бөлмелі пәтер беріпті. Кейін қала әкімі Заманбек Нұрқаділовтің кезінде екібөлмесін үш бөлмеге ауыстырды.  Ол пәтеріде «Самалда» болатын. «Жігіттер, көшейін деп едім, көмектесіп жібересіңдер ме?»деді. Әдетінше бұл жолы да бұйрық райда сөйлемеді.  Өтініш қана жасайтын. Қаламай тұрсаң,қыстамайды. Сонымен, не керек, үйіне бардық. Екі бөлмелі үйіндегі заттарын үшбөлмелі пәтеріне көшірдік. Көшірдік деген аты ғана. Буылған үш-төрт түйіншекқана. Үйінде әкесі бар екен. Сәрсенбай деген ақсақал. Бізге дастархан жайылды. Солкездегі әдетпен дастарханға ішімдік қойылды. Бірақ Алтекең арақты аузына алмақтүгіл, әкесінің көзінше стақан да ұстаған жоқ. Сонысы маған қатты әсер етті.

Алтекең балакүнінде үй ішінің жиі көшкенін айтатын.  Әкесі ұзақ жылдар бойы колхоз басқарыпты. Ауданбасшылығы Сәрсенбай ақсақалды үнемі көрсеткіші төмен колхоздарға жіберетінкөрінеді. Бірнеше жылдан соң колхоз аяғына тұрып, жақсы көрсеткішке жеткен соңол кісіні тағы бір артта қалған колхозға жібереді екен. Алтекеңнің «Сонда азғантайғана дүние-мүлкімізді буып алып, көтеріп жүре беретінбіз» деп айтқаны есімде. Сәрсенбайақсақал дүние, мал жинауды емес, бала-шағасының оқып-білуіне мән берген адамекен. Кейіннен жерлестерінен ол кісі жайлы көп жақсы сөздер естідім. Халқынаеңбегімен қадірлі жан болған екен.

Ал жеке қарым-қатынастарыңыз қалай болды?Ренжісіп, өкпелесіп дегендей…  

– Алтекең көпшіл,сосын, әңгімешіл еді. Кейде жұмыстың соңына қарай Өнер институтының алдындағыкафеге алып барады. Кафені өзіміз «кругляшка», «стекляшка» дейміз. Сол жердебізге шай, кофе, тәтті-пәтті алып беріп, әңгімелесіп отыратынбыз. Ол жерде деайтатынмыз газеттің жайы. «Жекеменшік, тәуелсіз газеттер болады. Олар  бюджеттен ақша алмайды, жарнамамен,оқырманының арқасында  күн көруі тиіс»дейтін. Оның сол совет заманында айтқан бұл сөздері совет идеологиясын сүйектенөткізіп алған мына біздің миымызға қонбайтын. Не айтып отыр деуші едік іштей. Мұндайформаттағы «Караван» газеті содан кейін ғана барып шықты.

Ал ренішке келсек,Алтекеңмен бірге екі жылдай еңбек еттім. Сонда маған бір-ақ рет ренжіді. Бірдемені шақырып алып, «Рысбек, КазГУ-дың Заң факультетінің деканы сағат  2-де сені күтеді. Сұхбат алып кел» деді. Түскіастың уақыты, оның үстіне ол кезде қазіргідей көлік ағылып жүріп жатқан жоқ, 10минут кешігіп бардым. Барсам, деканым кетіп қалыпты. Содан қайтып келіп Алтекеңеайтып едім, «уақытында бардың ба?» деп сұрады.  Өтірік айта алмадым.Өзінің бір ала көзімен қарайтыны болатын. Сол кезде бірінші рет ала көзіменқарады да, «Рысбек, қазақта «Сенген қойым сен болсаң...» деген сөз бар, соныбілесің бе?» деді. «Білемін» дедім. «Білсең, бар да, жұмысыңды істей бер» деді.Міне, екі жылда маған айтқан ең ауыр сөзі – сол. Маған сол сөзі өте қатты тиді.Содан ендігәрі бір жерге жіберетін болса, 15 минут ерте барайын, ұят болады дегенұйғарымға келдім.   

Алтекең үнеміқызметкерлерінің жайын ойлап жүретін. Совет өкіметі кезінде пәтер кезегіндетұратынбыз. 1991 жылдың басында біздің редакциядағы журналистерге төрт пәтерберілетін болды. Тізімде мен төртіншімін.  Алтекең кабинетіне шақырды. «Рысбек, Қайрекең (ақын Қайрат Әлімбек – ред.) екі баласыменпәтерде қаңғып жүр. Ақын жігіт. Сенің пәтеріңді соған берсек, қалай қарайсың? Кейінтағы да аламыз. Сол кезде міндетті түрде бірінші боп өзің аласың» деді. «Бұлменің саған жасап жатқан ұсынысым. Егер бергің келмесе, өзің ал, өзің шеш»деді. Кезегімді Қайрекеңе  бердім. Бірақ  Қайрекеңе құжаттары дұрыс болмай, пәтербұйырмады.  Мұны білген Алтекеңнің Жанарбекдеген курстасы «менің де екі балам бар» деп Алтекеңе өтініш айтқан екен, оныңбетін қайтара алмапты. Бірақ ол жігіт пәтерді алып алған соң, «ЕгеменҚазақстан» газетіне ауысып кетті. Алтекеңнің сонда қатты ренжігенін көрдім.

Сол жылдың соңындаСовет өкіметі тарап кетті де, сол күйі пәтерсіз қалдым. 92-жылдың басында  үйлендім. Үйленген кезде Алтекең жатақхананыөзі тауып берді. Сол жерде тұрдым. Сөйтіп жүргенде көктемде президент пенүкіметтің аппаратына ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып кетті. Күзге қарайАқпарат министрі болды. Құттықтауға барсам, хатшысы кіргізгісі келмейді.  «Кіріп, атымды айтыңыз, қабылдамаса жөнімекетем» дедім. «Кірсін» депті. Аман-саулық білісіп, құттықтадым. Ол кезде өзіалып берген жатақхананы босатуға тура келген. Соны айттым. Көзімше «Кітап»бірлестігінің директорына телефон шалып, сол жерден жатақхана тауып берді. Солкезде мені министрлікке жұмысқа да шақырды. Бірақ журналистикадағы еркінжүріске үйреніп қалған басым  мемлекеттікқызметтегі тәртіпке бағынғысы келмеді. Қызметтен бас тарттым.

Одан кейін жолықтыңыз ба?

– 2005 жылы біразуақыт жұмыссыз жүріп қалдым.  Алтекеңболса оппозицияда. «Айлығы тәуір газет ашып жатыр» дегенді естіп қалдым. Барыпедім, қабылдады. Шаруамды айттым. Әдеттегідей  көзілдірігін көтеріп қойып: «Бала-шағаң барма?» – деп сұрады. «Бұл жерде қысым болады, соңыңа кісі салады, сондайларғашыдайсың ба?» деді. Шынымды айттым: «Алтеке, менің болмысым оппозицияға жақынемес. Маған бар-жоғы бала-шағаны бағатын жұмыс болса болды».  «Онда «Парасатқа» (журнал – ред.) барасың ба?»– деп сұрады. «Ол жерде  ағаңыз отыр ғой.Өте мазасыз деп естіп едім» дедім. Алтекең риясыз ашылып күлді. Рақметімді айтып қайттым. Басқа біреу болса, «қорқасың ба,азаматтық позицияң қайда?» дегендей сөздер айтатын еді.  Менің алғашқы редакторым Алтынбек ондай емеседі, адамдардың жеке ойын сыйлайтын.

– Әңгімеңізгерақмет.

Сұхбаттасқан ҚанатТілеухан

Фото: forbes.kz

РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Тегтер: