Альварес Головкиннен «қаша» бастады

21.09.2018, 00:00

5

Лас Вегаста өткен жекпе-жектен кейін GGG-дің промоутері Том Леффлер жуық уақытқа ешқандай кездесу жоспарлап отырмағанын мәлімдеді.Демек, жанкүйерлер Головкиннің келесі кездесуін 2019 жылдың мамыр айында ғана көруі мүмкін.Ал, Альварестің командасы бірден белсенді қимылға көшті. Олар қазірдің өзінде желтоқсан айына Лас-Вегас және Нью-Йорк қалаларында екі бірдей аренаны белгілеп қойды. Тіпті промоутер Эрик Гомес өз шәкіртінің жыл соңында Давид Лемьемен жұдырықтасатынын да айтып үлгерді. Лемье Головкин-Альварес кездесуінің андеркардында рингке шығып, ирландиялық О’Салливанды бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.Головкин енді не істемек? Ол әзірше демала тұрады. Өзі айтқандай, боксқа міндетті түрде оралады. Бірақ енді отандасымызбен қарымта кездесу өткізуге Альварес командасы құлшына қоймайды. Тіпті Оскар де ла Хойя келесі жекпе-жекке дейін Головкиннің басқа боксшыларға қарсы кемі екі-үш рет шаршы алаңға шығуға тиіс екенін айтады.Дегенмен ең дұрыс жолы да осы сияқты. Альварестен жеңілгенмен, Головкин рейтингте бірден кейінгі орындарға шегініп кетпейді. Демек, WBA нұсқасы бойынша тұрақты чемпион Риото Муратамен (Жапония), WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпионы Джермалл Чарломен (АҚШ) және WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (Ұлыбритания) кездесе алады. Тіпті IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына жақында таласатын Сергей Деревянченко (Украина) мен Сондерс те Головкинмен жұдырық түйістіруге «кетәрі» болмасы анық.Жекпе-жек қарсаңында тиісті жарнаны төлеуден бас тартқаны үшін Сауль Альварес бірден IBO чемпионы атағынан айырылды. Енді орта салмақта бұл нұсқа бойынша чемпиондық белбеу иесіз. Головкин осы нұсқадан әлем чемпионы атағын 2011 жылы жеңіп алып, Альвареске дейін 17 рет сәтті қорғады.15 қыркүйек күні Геннадий Головкин алғаш рет кәсіби рингте Сауль Алварестен жеңіліс тауып, осыған дейін жинаған барлық белбеулерінен (орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO) айырылған болатын.Фото: kaz.tengrinews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27