Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:14

Аляскада Трамп-Путин кездесуіне Ақ үй дайындалып жатыр

Путин мен Трамп
Фото: Reuters

Ақ үй кездесудің нақты орнын әзірге растаған жоқ, бірақ іс-шара Алясканың ең үлкен қаласы Анкориджде өтеді деген бейресми мәәлімет бар. 

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі 15 тамызда Аляскада өтеді деп жоспарланған.

The New York Times газетінің хабарлауынша, Ақ үй әзірге кездесудің нақты орнын растаған жоқ, бірақ іс-шара Алясканың ең үлкен қаласы Анкориджде өтетініне қатысты кейбір ақпарат бар.

Басылымның мәліметінше, Анкориджде қысқа мерзімді жалға берумен айналысатын риэлтор, сонымен қатар Германияның құрметті консулы Ларри Дисброу Құпия қызмет агенттеріне алты бөлмелі үй жалдағанын айтқан.

«АҚШ-тың құпия қызметі бүгін таңертең маған телефон соғып, бос орындар бар-жоғын сұрады, мен олар қалаған уақытқа келістім», - деді Дисброу.

Бұл ретте Анкоридж мэрі Сюзан ЛаФранс қала әкімшілігі Трамп-Путин кездесуін өткізетіні туралы ешқандай ақпарат алмағанын мәлімдеген.

«Біз үшін Аляскада көшбасшыларды қабылдау дәстүрге айналды. Дипломатия орны ретінде қызмет ету біздің тарихымыздың бір бөлігі, өйткені біз әлемнің қиылысындамы», - деді ЛаФранс.

Басылым Трамптың 2017 жылы қызметіне кіріскеннен бері кем дегенде бес рет Аляскаға барғанын, негізінен Анкоридждегі Элмендорф-Ричардсон бірлескен базасында тоқтағанын еске салады. Путинмен кездесу Трамптың екінші мерзімі басталғалы бері штатқа бірінші ресми сапары болмақ.

Сарапшылардың пікірінше, саммит өтетін жер оның стратегиялық маңыздылығы мен Ресей шекарасына жақын орналасуына байланысты таңдалған. Аляска сонымен қатар Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясынан тыс АҚШ территориясы, бұл Путинге қамауға алу қаупін туғызбауға мүмкіндік береді.