«Аманат»: Түркістандық ақсақалдар өңір тұрғындарына үндеу жариялады
Түркістан қаласында «AMANAT” партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі Қауныш Айтаханов, облыстық штаб өкілдері Қалыйма Жантөреева, Ғаппар Сәрсенбаев, облыстық және қалалық ақсақалдар алқасы, Ассамблея жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшелері және Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен біріккен мәжіліс өтті.

Жиында алғашқы болып сөз алған Қуаныш Айтаханов алдағы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып, саяси кезеңде ел ішіндегі бірлікті сақтаудың маңызына арнайы тоқталды. Сондай-ақ, „AMANAT” партиясы тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін жинақтап, қордаланған мәселелерді шешуге күш салатынын жеткізді. Одан бөлек, партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттармен толықтай таныстырып, барша азаматты бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

— “AMANAT” партиясының негізгі мақсаты — әрбір жанұяның жағдайын жақсарту. Яғни, өмір сұру сапасын арттыруға ықпал ететін жобаларды іске асырамыз. Ата Заңымызда жазылғандай, жердің астындағы және үстіндегі байлықтың барлығы халықтыңкі. Біз осы байлықты қайтаруға, барша азматтың игілігіне теңдей бөлуге күш саламыз. Дегенмен, бұл мақсатқа жету үшін тұтас қоғам белсенділік танытуы қажет, — деді Қуаныш Айтаханов өз сөзінде.
Бірлескен мәжілісте Түркістан қаласының саяси-рухани маңызы да сөз болып, осы өңірдегі ақсақалдарға үлкен жауапкершілік артылатыны айтылды. Сонымен бірге, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер ортаға түсті.
Ал, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреқызы осыған дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, партия мен өзінің сайлауалды бағдарламасындағы жоспармен бөлісті.
— Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында инфрақұрылым, экология, ортақ жайылымды қайтару, жер бөлу, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қолдау көрсету, туризм, жаңа жұмыс орындарын құру, үш ауысымды және апаттық мектептер мәселесін жою, жол құрылысын жүргізу салаларында да біршама жұмыстар қолға алынады. Мәдениет, білім, спорт салалары қызметкерлерінің мәртебесі мен табысын көтеру де жоспарымызда бар. „Жер аманаты“ жобасы арқылы жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілсе, „Ауыл аманаты“ жобасы арқылы ауылдарды дамыту қолға алынбақ. Азаматтардың әл-ауқатын көтеру мақсатында 143 мың жаңа жұмыс орны, оның ішінде 22 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Облыс орталығында 10 жаңа мектеп салынады. Жалпы, „AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының 4 бөлім, 15 бағыт, 132 іс-шарадан тұратын сайлауалды бағдарламасында ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстардың барлығы қамтылған деп сеніммен айта аламын, — деді Қалыйма Жантөреқызы жиын барысында.
Кездесу соңында өңір ақсақалдары өз аттарынан барша облыс тұрғындарына үндеу жариялап, Түркістан өңірін ішімдік сынды зиянды заттардан таза ұстауға және саяси науқанда “AMANAT” партиясын қолдауға шақырды.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған „AMANAT“ партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді