Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:24, 17 Маусым 2024

Амандық Баталовтың қызынан 339 миллион теңгенің жері тәркіленді

Баталов
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының прокуратурасы жер учаскелерінің мақсатын өзгерткені үшін жер пайдаланушылардың 1,5 млрд. теңге төлемеу деректерін анықтады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Заң бойынша, мұндай әрекеттерді жасаған кезде жер учаскесінің иесі жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеуге міндетті. Ал, облыс бойынша осындай 100-ден астам жер иелері анықталды.

Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша бүгінгі күні бюджетке 236 млн. теңге қайтарылды, қалған сома өндіріліп жатыр. Сонымен қатар облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 2024 жылы 2,5 млрд. теңге тұратын, аумағы 12,5 мың га пайдаланылмаған жер 155 учаскелері қайтарылды, делінген хабарламада.

Мысалы, 2020 жылы Қонаев қаласында бір кәсіпорынға гидроэлектростанция салу үшін аумағы 500 га 5 жер учаскесі берілді. Алайда құрылыс осы күнге дейін басталмаған. 

Тағы бір мысалда, Іле ауданында «Solid Cristal» ЖШС-ға 339 млн. теңге тұратын 38 га учаске берілді. Учаске алты жылдан астам уақыт бойы пайдаланылмаған. Қазір бұл учаскелер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Айта кетейік, «Solid Cristal» ЖШС Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовтың қызы Саёра Амандыққызына тиесілі.