Амангелді Әбдіқалық: Қағбаның есігін ашқан сайын қазақ халқына арнап дұға жасалады

Амангелді Еренғайыпұлы – «Нұр-Қазақстан» қажылықкомпаниясының директоры. Мыңжылдық тарихы бар Әл-Азһар ислам университетінің түлегі(Қостанай облысы Амангелді ауданының тумасы).
2011 жылы халықтар арасындағыбірлік пен ынтымақтастықты нығайта отырып, имандылық саласындағы сіңірген еңбегіүшін Халықаралық «Ата Түрік» атындағы алтын медальмен марапатталған. 2012 жылыПалестина өлкесі Иерусалим қаласындағы «Әл-Ақса» академиясының құрметтіпрофессоры атағы берілген. 2013 жылы «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» алтынмедалімен марапатталса, «Бейбітшілік миссиясының елшісі» дипломатиялық атағы дабар. 2014 жылы Адам құқығын қорғау комитеті атынан «Алтын қыран» төсбелгісіменмарапатталған. 2015 жылы Ұлттық бизнес рейтингі бойынша ТМД елдері арасындағы қажылықкомпаниялар ішінен «Нұр-Қазақстан қажылық» компаниясы «Сала көшбасшысы» атағынжеңіп алды. «Даңқ жұлдызы» орденінің иегері, Халықаралық ақпараттандыру академиясыныңакадемигі Амангелді Еренғайыпұлы – нағыз ұлт жанашыры.
– Жақында кіші қажылыққа барып қайтқан екенсіз, сапарыңыз қалай өтті? Әлемдішулатып жатқан вирус кедергі келтірмеді ме?
– Бисмилләхи Рахмани Рахим! Иә, қаңтарайында кіші қажылыққа, яғни умраға барып қайттық. Ол кезде коронавирусқабайланысты әлемде қатты дүрбелең бола қоймаған кез. Тек 27 ақпаннан бастап СаудАрабиясы мемлекеті умра және туристік визамен елге кіруге тыйым салды. Кейбірадамдар оны «құлшылыққа неге тыйым салып отыр» деп түсінбей жатқан сияқты. Алайдабұл құлшылыққа қарсы шығу емес, індеттің алдын алу үшін жасалып жатқан, құлшылығынорындаймын деп келген мұсылмандар ауру тауып қайтпасы үшін уақытша қолға алынғансақтық амалы болатын.
– Исламдағы үшінші қасиетті орын саналатын Әл-Ақсада болыпсыздар, ол жаққабарарда қиындық болмады ма?
– 26 ақпанда бір топ қажы Әл-Ақсамешітіне зиярат ету үшін жолға шықтық. Шығар кезде «коронавирус пайда болыпты,Израиль мемлекетінен ауру жұқтырғандар бар екен» деп дүрліккендер болды. ТіптіНұр-Сұлтаннан келген бір қажымыз «аяғым тартпай тұр, қалай болады екен» деп,баруға жүрексініп қалды. Әл-Ақсадағы шейхтарға да, сол мешіттің имамына дахабарласып, мән-жайды анықтап білуге тырыстым. Алып бара жатқан пәлендей қорқынышжоқ екен. Бізді күтіп алатын туристік компаниямен байланысып көріп едім, оларда Кореядан баратын адамдардың аздап кідіріп қалғанын айтты, басқа алаңдайтын түкжоқ. Осы мәселенің барлығын елеп- екшеп алып, сосын тәуекел деп, Әл-Ақсасапарына аттандық. Құдайға шүкір, бәрі қалыпты болды. Зияратымызды орындап, жұмакүні Әл-Ақса мешітінде имамның уағызын тыңдадық. Имам бұл індеттің Алланыңескертуі екенін, адам баласы тәубамен өмір сүріп, аурудан барынша сақтанып жүруікерегін ескертіп өтті. Қайтарда бәрімізді жақсылап тұрып тексерді. Мәскеу арқылыұшып келдік. Орта жолда ешқандай бір оқыс оқиға болған жоқ.
– Биыл қажылыққа байланысты докторлық диссертация қорғамақшы екенсіз. Жалпы,біздің елде қажылыққа қатысты ғылыми еңбек жазған адамдар бар ма?
– Алла нәсіп етіп «Нұр Мүбәрак»университетінің Phd-ін бітірген едім. Соған байланысты докторлық диссертацияжазып жатырмын. Диссертациямның негізгі тақырыбы «Исламдағы төрт мәзхабтың қажылықақатысты үкімдері» деп аталады. Исламдағы төрт мәзхаб бойынша қажылық парызы қалайорындалатынын жан-жақты зерттеп, осы тақырыпты ашып жазуға тырыстым. Қажылықтуралы айтылса, біз көбіне Құнанбайдың, Мырқыбайлардың қажылығын еске аламыз ғой.Досжан хазірет, Шәукер қажы деген кісілер де болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы да қажылыққабарған. Қажылық тақырыбын ең көп жазғандардың бірі – Мәшһүр Жүсіп атамыз. Олкісінің өзі қажылыққа бармапты. Оны кейін барып білдім. Ол заманда малыныңсанынан жаңылатын байлар көп болған. Солардың парызын орындауына мұрындықболып, қажылықтың маңызын айтып, кейін қажылықтан келгенде солардың үйіндеайлап жатып, әлгі адамдардың аузынан естіген әр сөзді құнттап, қағазға түсіріпотырыпты. Сондай бір жазбасынан мынандай қызық жайтты оқыдым. Өңшең байларжиналған бір аста бүй депті:
«Біреуі бес парыздың қажыға бару,
Бұл жолға мал мен жанды керек салу.
Алланың шақырған бұл жеріне,
Байларға қиын екен бармай қалу.
Пайғамбар «байлар қажыға келсін» депті,
«Үмбетім мені келіп көрсін» депті.
«Шамасы келіп тұрып бармаған жан,
Қауымында кәпірлердің өлсін» депті».
Осыны айтқанда Ізетдеген бай орнынан тұрайын деп, тұра алмай қалған екен. Сол жерде отырған байлар Мәшһүрге сөзі сүйектенөткенін айтып, содан кейін 60-қа жуық бай қажылыққа аттаныпты. Кейін сол қажылықтуралы зерттеп, өзі бармаса да, солардың қалай қажылыққа барып қайтқанын көзбен көргендей етіпжазады. Қажылыққа аттанғандардың Одессаға барып, ол жерден кемемен Түркияға қарайөткенін баяндаған. Осман әулетінің соңғы ұрпағы – Әбдулхамит ханды көріпті. «Ол жақтан жүк таситын кемеменАлександрияға келіп, ол жерден Құдыс шаһарына барып, түйемен зиярат етіпкелдік» деп жазады әлгі жазбада. Одан кейін кемемен Жидда қаласына жеткен екен.Сол кезде бір жұқпалы ауру тарап, карантин деп кіргізбей қойыпты. Сол замандағыдезинфекцияның түрі болса керек, адамды ыстайды екен. Жиддадан Меккеге дейін үшкүндей жол жүрген. Барған 60-қа жуық адамның біразы орта жолда қайтыс болып кетеді. Одан соңМеккеден Мәдинаға жол тартып, пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) зиярат етіп жүргендеде тағы біразы көз жұмады. Мәдинаға жақындағанда мынандай бір қызықты деректіжазыпты Мәшһүр атамыз. Мәдинаға жетер жерде бір құдық бар екен. Сол құдықтан су ішкенадамның қажылығы қабыл болғанын я қабыл болмағанын білдіретін «пәленбайдың қажылығы қабыл» деген дауысестіледі екен. «Сарыбайдың қажылығы қабыл» деген дауыс шығыпты сонда. Сарыбайдеген бай қажылыққа бармақ болып, бара алмай қалған екен, сөйтсе. «Бұл қалай?!» деп таңғалыпты бәрі. Қажылар қайтар жолда Жиддағакеліп, ол жерде ауру шыққандықтан, аттап баса алмай, Пәкістанды айналып келеді. Алпыс адамнан 15-20 адам ғана аман жетіп, елге келісімен оларқажылыққа бара алмай қалған Сарыбай деген кісіге барып сүйінші сұрайды. Қажылыққабара алмаса да, ниетіқабыл болып, сондай дәрежеге жеткен ғой. Осы деректің барлығын Мәшһүр Жүсіпатамыз қажылық сапарына өзі барып келгендей етіп жазып шығыпты…
–Қағбаның ішіне кіруге рұқсат берілгенімен, бес минуттанартық жүруге болмайды екен. Сіз екінші рет Қағбаға кіргеніңізде екі жарым сағатжүріпсіз, ол қалай болды?
–Аллаға шүкір. Негізі, қасиетті Қағбаны сыртынан көрген адамның өзіүлкен әсер алады. Басқа әлемде жүргендей боласыз. 1993 жылы біздің елімізден еңалғаш рет Қағбаға кіріп дұға жасаған адам елбасы екен. Қағбаның ішінде көп жүруімнің себебінайта кетейін. «Мекке қаласының тарихы» деп аталатын кітап жазғанмын. Ол кітапта«Қағбаның ішінде не бар?» деген бөлім бар болатын. Сол кітапты жазып жатқандаАлладан шын ниетпен «Я,раббым Алла! Қағба – ол сенің үйің. Оның иесі сенсің. Маған да осы үйіңе келіп,намаз оқуымды нәсіп етші!» деп тіледім. Алла сол тілегімді қабыл етіп, Қағбағакіріп намаз оқуымды нәсіп етті. Қағбаға кіріп, шүкір намазын оқып жаттым. Шығатынуақыт та таяп қалды. Бір жас баладан «үлкендерден кім бар сөйлесетін» деп сұрапедім, ол бала жүзінен нұр төгіліп тұрған егде жастағы бір үлкен кісіні ертіпкеліпті. Оған өзімнің кітабымды көрсетіп, кітаптағы мағлұматтар мен деректердіңдұрыс жазылғанын анықтау үшін тағы да аздап уақыт беруін өтіндім. Ол кісі мағанбір сағат уақыт берді. Қағбаныңәр бұрышына барып намаз оқып, дұға тілеп жүрдім. Бір кезде қарасам, бір сағат уақыт зу етіп өтіп кетіпті. Намаз оқыпжатқанда әлгі жас бала қайта келіп, уақыт біткенін айтты. Сол кезде кітабымныңбір бетін аштым, онда «Қағбаның кілті» деген тақырып тұр екен. «Шәйби ұрпағынанкім бар?» деп сұрап едім баладан, ол маған «мен» деп жауап берді. Мен «үлкендерден кім бар» деп едім, бағанағы маған бір сағат жүруіме рұқсат еткен кісіні ертіпкелді. Сол баланың әкесі екен. Мен ол кісіге кітабымдағы Қағбаның кілті туралыжазылғанды көрсетіп: «Бұл кітапта сіздердің ұлы бабаларыңыз туралы жазылған,соны айтып берейін бе?» – деп сұрадым. Ол жерде неғұрлым ұзақ уақыт тұрғым келіп тұр. Ол кісі кітапқа үңіліп қарады да,не жазылғанын сұрады. Қағбаның кілті қалай қолдарына тигенін баяндайтын ОсманИбн Талһаның риуаятын айта бастадым. «Жаһилет дәуірінде Қағбаның есігін ашып, қалағанадамды кіргізіп, қалаған адамды кіргізбейтін едік. Бір күні Мұхаммедтің (с.а.с.) Қағбаға кірмекші болып кележатқанын көрдім. Ол кезде шамамен 36-37 жаста, әлі пайғамбарлық келмей тұрғануақыт болатын. Есікті қолыммен көлегейлеп, оны кіргізбейін деп ойлап тұр едім.Сол кезде Мұхаммед (с.а.с.) асықпай қасыма келді де: «Әй, Осман! Күндердің күніндеҚағбаның кілтін менің қолымнан көретін бір уақыт болады. Сол кезде кілтті өзіңеқайтарып беремін!» –дейді. Оны естіген Осман «кіріңіз, кіріңіз» деп елпектеп қалады да, осы сөзі ұмытылмастайболып есінде қалып қояды. Арада 25 жыл өтіп, пайғамбарымыз Меккені бейбітжолмен басып алады. Мұсылман болмағандықтан, Осман Қағбаның кілтінен айырылып қалады.Пайғамбарымыз Қағбаның ішін пұттардан тазалап, сосын өзі жалғыз өзі қалып, солжерде шүкір намазын оқыды. Осы сәтте қасиетті Құрандағы «Алла тағала сендерге аманатты өз иесіне қайтарудыбұйырады» деген «Ниса» сүресінің 58-ші аяты түседі. Пайғамбарымызіле-шала Османды шақыртып алып: «Әй, Осман! Осыдан 25 жыл бұрын айтқаным есіңдеме?» – деп, баяғы айтқан сөзін есіне салады да,кілтті қайтарып береді. Осман әлгі жерде ағыл-тегіл жылап, тілін бірден кәлимағакелтіріп, ислам дінін қабылдапты. Пайғамбарымыз сосын оған: «Әй, Осман, мынакілт саған және сенің ұрпағыңа аманат. Егер біреу сендерден осы кілтті тартыпалғысы келсе, ол адам зұлымдық жасаған болады», – деп ескертеді. Кітаптағы осы тарихи оқиғаныол кісіге араб тілінде қаз-қалпында баяндап беріп едім, бір кезде ол мені құшақтап, «Саған Алла разы болсын, біздің шежіреміздедәл осылай жазылған» деп қатты қуанып кетті. Сосын ол кісі маған корольді күтіпотырғандарын, ол келгенше Қағбада жүре тұруға рұқсат деп, тағы уақыт берді. Қуаныпкеттім. Қағбаның ішінде жалғыз өзім қалдым. Алдындағы бір түсімде төрт рәкағат тәспих намазын оқып жатқанымды көргенмін.Пайғамбарымыз да ең жақын туысқандарына «тәспих намазын күніне бір рет, еңболмаса аптасына бір рет, тіпті болмаса жылына бір рет, өміріңде бір рет болсыноқышы» деп айтыпты. Сол намазға ниет етіп, сәждеге жығылдым. Сол кезде бір үлкенқұдіретті көрдім. Әр рәкағаттыоқыған сайын жаңа бір әлемге көтерілгендей күй кештім. Ең соңында, намазымды аяқтайтынкезде жүрегім аузыма тығылды. Содан намазды аяқтап, «Я, Алла, саған мың да біршүкір!» дедім.
Қағбадан шығарда ол кісімен біраз уақыт сол жерде сөйлесіп тұрып қалдық.Оған өткен аптада Палестинадағы Ибраһим пайғамбардың мешітінде болғанымды, жұмакүні Әл-Ақса мешітінде намаз оқығанымды айтып беріп едім, ол мені құшақтап, «Сенқандай бақытты адамсың!» деп жылап жібергені. Сөйтсем, осы екі мешітте намаз оқуол кісінің бала кезден бері орындалмай келе жатқан арманы болып шықты. Аллаға шүкір, қандай бақытты ел екеніміздісонда барып түсіндім. Қолқа салып, «Қағбаның есігін ашқан сайын қазақ халқына берекет тілеп, халқымыз үшіндұға жасап отырсаңыз екен» деп өтініп едім, көңілі босап тұрған Шәйби ұрпағы ол өтінішімдіде бірден қабыл алып, «аманатыңды орындаймын» деді. Сөйтіп, қасиетті Қағбаныңесігін әр ашқан сайын ол кісі қазақ халқына арнап арнайы дұға жасап отыратынболды.
–Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Мағжан Қалымбекұлы