Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
05:08, 13 Қазан 2020

Әмір Темір және Осман Баязидтің соғысы

None
None

Әмір Темір бұрынғы Хорезм империясын  және оның  Мәуереннахр аумағын толықтай жаулап алған соң, орталық  азиялық қала Самарқандты өзінің резиденциясына айналдырды.

Көшпелі халық империясы үшін Самарқанд Үндістан және  Мысырға, басқа да мұсылман мемлекеттеріне баратын Жібек жолының дәл төсіне орналасқан болатын.   Осман түріктері византиялық Константинопольді жаулап алып, империяның басқару пунктіне айналдырса (артынан Стамбұл деп атады), Темірлан Хорезмнен Самарқандты тартып алған соң, оны басқару орталығына айналдыра білді. Осы арада кішкене шегініс жасап, енді Темірлан туралы айта кетсек дейміз. ӘмірТемір 1336 жылы (Тышқан жылы) тоғызыншы сәуірде Шахрисабз қыстағында туған болатын. Әкесі Тарағай (немесе Тарғын) Найман тайпасының  Барлас руынан. Түркі қыпшақтар (Шыңғыс хан қағанаты) Мәуереннахрды жаулап алғанда Шыңғыс ханның ұлы Шағатаймен бірге келген Найманның біраз атасы осы араға қоныс тепкен еді. Сол заманның атақты жылнамашысы әрі тарихшысы, испан елшісі Клавихоның жазғандарына көңіл бөлейік. Дәлме-дәл мағына берсін деп, аудармай орысшасын бердік. «Тимур унаследовал организацию армии от Чингиза, предусматривавшую ее разделение. Это иерархическая система разделяла каждый домен на военные соединения, соответствен но числу людей в сборах. Тимур и его дом свято относились к законом Чингиза. В их отрядах, их дворах, их празднествах, их действиях они никогда не действовали против институтов Чингиза». Әмір Темір өзінің үзеңгілес досы Қыраншы батырдан: «Бүкіл Самарқандты, Бұхараны, Хиуа мен Үргенішті, Мәуереннахрды бағындырдық, енді бұлардың тұрғындарын әскерге дайындаймыз ба, не істейміз?» – деп сұрағаны бар. Сонда Қыраншы батыр: «Бұлар қалалық ел ғой, ат үстінде отырып жауға дұрыс  шаба алмайды. Тақымдары әлсіз. Есек үстінде отырып жүк тартпаса. Бұлардың ұсталарын жинап алып, қару-жарақ, жебе жасатқанымыз әлдеқайда оңды болар. Ат үстінде ойнап өскен өзіңіздің қыпшақтарыңыз – әскеріңіздің негізгі күші емес пе? Мына  сарттарды қоссаңыз, әскердің жауынгерлік қабілетін әлсіретіп алуыңыз мүмкін», – дегені бар. Соны ескеріп, ӘмірТемір осы өлкенің ұсталарын жинап алып, арба-арба жебе жасатып отырды. Сондай-ақ ұсталарды үнемі жорыққа да бірге алып жүрді. Еуропалық христиандарды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келген найзағайдай жылдам Баязид Кіші Азияға Тимурды жібергісі келмеді. Ал Әмір Темірдің мақсаты – Кіші Азияны жаулап алып, содан кейін Үндістанды, Мысырға дейінгі ел-жұртты және Мысырды басып алып, сөйтіп, бүкіл Азия құрлығын өзіне бағындыру болатын.  Америкалық ғалым Хильда Хукхем өзінің Әмір Темір туралы жазған зерттеу жұмыстарында сол уақыттағы  көп оқиғаларға  өте ұқыпты, шынайылықпен  көңіл аударып, көптеген  деректерді ашық түрде  талдап, мән бере   көрсеткен. Сол Хильда Хукхемнің  жазғанындай,  «Найманның Сайыпқыраны» бұл кезеңге дейін бүкіл Орталық Азия елдерін біріктіріп, Кавказ бен Қырымды жаулап алды. 1402 жылы шілде айының жиырма сегізі күні Анкара түбінде сол заманның аса зор соғысы басталды. Жалпы, Осман түріктері әскерінің үштен екісі Дешті Қыпшақ жерінің Жалайырлары  болатын. Кезінде ат үстінде отырып, соғыс жүргізе алмайтын янычарлары (жаяу әскерлері) көп елдерге шамасы келмей жеңіліп қала берген соң, түрік сұлтандары  көшпелі қыпшақтардың хандары мен тайпа басшыларына елшілерін жіберіп, алтын мен күмісті аямай төгіп, олардың атты әскерлерін жалға алған болатын. Сөйтіп барып қыпшақтар (нақтырақ айтқанда, Жалайырлар)  Осман түріктеріне империя болуға жол ашып  және империясының негізін  құрып берді. Қыпшақтың атты сарбаздарының күшімен Еуропаның және Азияның біраз бөлігін басып алды. Түрік янычарлары тек артта жүріп, демеуші соғыскерлердің рөлін атқарды. Осман түріктері мен Әмір Темір әскерлері Анкара түбінде соғысуға қарсы тұрған кезде жаңағы Жалайырлар  өз қандастарына қол көтеруге дәті жетпей, Темірлан жағына шығып кетті. Оны испандық Клавиха былай деп жазады: «Когда они сблизились друг с другом для битвы, первое несчастье, которое обрушилось на Баязида, было то, что кочевое племя Жалайыры, все поголовно предали его, а так как они составляли главную часть его войск, то его армия была сильно ослаблена». Амалы қалмаған Баязид қолына қылышы мен балтасын алып, соғысқа өзі араласты. Бірақ қыпшақтың болаттай берік сарбаздары қойсынба, бірнеше сағаттың ішінде Түрік янычарларының тас-талқанын шығарды. «Истребитель христианского Запада был разгромлен орлом Найманов» (Хильда Хукхэм). Баязид пен оның жақтастарының көбі қолға түсті. Әйелдікке алғанына бірнеше ай ғана болған серб қызы Оливер мен ұлты түрік жас тоқалы Патма екеуі Әмір Темірдің қолына өтіп, жорықта жүрген императордың сүйіктісіне айналды. Оңбай жеңілген  Түрік қағанатының көтерілуіне жарты ғасырдан аса уақыт кетті. Дегенмен, олар енді қыпшақ тайпаларынсыз көп ешкімді жаулап ала алмады.  Осман империясын бір жорығында ғана ойранын шығарып, құрдымға кетірсе, Алтын Орда империясын үш рет соққы беріп, әрең әлсіретті (қалай десек те, екеуі де қыпшақ тайпаларының империясы емес пе). Бірақ ыдырата алмады. Алтын Орда Тоқтамыс пен Едігенің және Мамайдың таққа таласуынан жеке хандықтарға бөлініп кетті.

Тегтер: